+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасы оқушыларының қысқы спорттық бағдарлаудан ХІ қысқы гимназиясының қорытындысы
24 Нау, 10:05

2023 жылғы 13-20 наурыз аралығында оқушылар арасында қысқы спорттық бағдарлау бойынша ХІ қысқы Гимназиадасы өткізілді.

Щучье қаласына 7 өңірден: Астана қаласынан, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан спортшылар жиналды.

Шығыс Қазақстан құрамасының құрамында Өскемен қаласы, Глубокое және Шемонаиха аудандарының облыстық кезеңнің жеңімпаз 16 оқушысы қатысты.

Жас, жігерлі бағдарлаушылар келесі кезеңдерден сәтті өтті: орташа қашықтық, ұзақ қашықтық, эстафета, спринт.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО спортшылары ұлдар арасында жалпы командалық есепте І орын және қыздар арасында ІІ орын иеленді.

 

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!