Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.
Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының жеңімпаздары қатысты.
Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) «Халық биі және халықтық стильденген би»;
2) «Заманауи би».
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын - «Шұғыла» хореографиялық тобы, «№1 музыка мектебі» КМҚК, Өскемен қаласы;
IІ орын – «Шаттық» хореографиялық тобы, «Ақжар балалар саз мектебі» КМҚК, Тарбағатай ауданы;
II орын – «Эксклюзив» хореографиялық тобы, «Черемшанка ауылының балалар музыка мектебі» КМҚК, Глубокое ауданы;
II орын – «Алау» хореографиялық тобы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК Зайсан ауданы;
IIІ орын – «Реверанс» хореографиялық тобы, «№12 мектеп-гимназия» КММ, Өскемен қаласы;
IIІ орын– «Energу» хореографиялық тобы, «Шығармашылық үйі» КМҚК Катонқарағай ауданы;
IIІ орын – «Шаңырақ» хореографиялық тобы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК, Ұлан ауданы.
І орын иегері фестиваль-байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысатын болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!