+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытындысы
18 Нау, 15:36

2023 жылғы 16-18 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңін өткізді.

 Іс-шараның мақсаты балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту мен кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Байқауда еліміздің барлық өңірлерінен екі жас санатындағы (1-4 сыныптар және 5-7 сыныптар) 600-ге жуық оқушы бақ сынады.

Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған жас зерттеушілер қатысты.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы 21 жүлделі орынға ие болды.

Республикалық конкурстың Бас жүлдесін Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 2 сынып оқушысы Воеводин Глеб жеңіп алды.

І дәрежелі дипломмен:

  1. Зайсан ауданы Мұжықсу негізгі орта мектебінің 4 сынып оқушысы Қадырбекова Нұрай;

  2. Өскемен қаласындағы №47 орта мектебінің 2 сынып оқушысы Сайлаубеков Шыңғыс марапатталды.

II дәрежелі дипломмен:

  1. Глубокое ауданы Верх-Березовка орта мектебінің 7 сынып оқушысы Пламадяло Глеб;

  2. Риддер қаласы №1 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Грибенщиков Иван;

  3. Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Жадринов Алим;

  4. Өскемен қаласы №34 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Тихомиров Руслан;

  5. Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Буньков Егор;

  6. Тарбағатай ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Мейрамбеков Ерназ;

  7. Зайсан ауданы М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы  Хасенбаев Бексултан;

  8. Зайсан ауданы М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы  Мерекеулы Бекалы;

  9. Күршім ауданы Н. Островский атындағы №4 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мураткан Айбота;

  10. Күршім ауданы Н. Островский атындағы №4 орта мектебінің 7 сынып Ерғалиқызы Ұлпан;

  11. Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 2 сынып оқушысы Бекен Аяжан марапатталды.

III дәрежелі дипломмен:

  1. Өскемен қаласы Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясының 3 сынып оқушысы Ширшов Тимофей;

  2. Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Бисетова Сая;

  3. Алтай ауданы №6 Алтай қаласы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Каирканова Алина;

  4. Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Кумарбекова Нурай;

  5. Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Леунова Анна;

  6. Алтай ауданы Алтай қаласы мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Силянков Роман;

  7. Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 5 сынып оқушысы Мәдениет Айару марапатталды.

«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсында ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

  1. Өскемен қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Жүніскенов Ануар;

  2. Ұлан ауданы А. Пушкин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы  Кумаргазина Диляра;

  3. Өскемен қаласы М. Әуезов атындағы №17 орта мектебінің 2 сынып оқушысы Сабецкий Никита марапатталды.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналарын, жоба жетекшілерін құттықтаймыз!!!