2023 жылдың 14 наурызында «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәндердітереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары – Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарының 300-ге жуық оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 157 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 27, II орын - 53, III орын - 77 оқушы).
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!