Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 26-27 сәуірде Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘТМ) филиалының аумағында Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаровты еске алуға арналған әскери – қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирін өткізу жоспарлануда.
Турнирдің мақсаттары мен міндеттері: Ұлы Отан соғысына қатысқан шығыс-қазақстандық батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру; студент және оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру; әскери қызметтін беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау.
Облыстық турнир келесі жарыс түрлері бойынша өткізіледі: жүзу; саптық байқау; ММГ АК-74 шашу және жинау; противогазды кию бойынша нормативті орындау; ЖҚК кию бойынша нормативті орындау; турникте тартылу; орыннан ұзындыққа секіру; АК магазинін патрондармен оқтау.
Турнирға қатысуға өтінімдерді 2023 жылғы 16 сәуірге дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының or-vpv@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Сайыстарға колледжердің 1-2 курс студенттері (ұлдар), алғашқы әскери дайындық курстарын өтіп жүрген облыстық оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары қатысады. Команданың сандық құрамы – 7 қатысушы (ұлдар) және 1 команда жетекшісі.