+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирді өткізу ЕРЕЖЕСІ
17 Нау, 14:01

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери – қолданбалы көпсайыстан облыстық турнирдің (бұдан әрі - Турнир) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, өткізу және қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін айқындау тәртібін айқындайды.

2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ  «Дарын»), ШҚО қорғаныс істері департаменті, ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті болып табылады.

3. Турнирдің мақсаттары мен міндеттері

- Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандық батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру;

- студент және оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтін

беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін

насихаттау;

- әскери іс негіздері бойынша білімдер мен дағдыларды бекіту;

- жастарды физикалық дайындыққа тарту, мақсат ­– сол дайындықты әскери қызметті өтеу кезінде қолдану;

- моральдық-психологиялық қасиеттерді, тәртіптілікті, өзара көмек және жолдастық қолдау көрсету сезімдерін тәрбиелеу.

2. Турнирді өткізуге басшылық ету

4. Турнирді дайындау мен өткізуге жалпы басшылық жасау ДпҚББД ШҚ ҒӘ  «Дарын» орталығына, ШҚО қорғаныс істері департаментіне, ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебіне, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына жүктеледі.

5. Турнирді өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- жарыстарға қатысуға алдын ала өтінімдер қабылдайды;

- кестеге сәйкес жарыстарды өткізу күндерін анықтайды;

- кестеде көрсетілген мерзімнен бір ай бұрын жарыстарды өткізу күнін өзгертуге құқығы бар;

- командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрады;

- облыстық ойынның бас төрешілер алқасының, спорт түрлері бойынша төрешілер алқасының құрамын бекітеді;

- жарысқа қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

- облыстық ойын жарыстарының кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.

3. Өтетін уақыты және орны

6. Турнир 2023 жылғы 26-27 сәуір аралығында Өскемен қаласында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘТМ) филиалының аумағында, Промышленная көшесі, 2 В өткізіледі.

«Жүзу» кезеңі 2023 жылғы 27 сәуірде сағат 9-дан 13-ге дейін ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Шәкәрім даңғылы, 1/2) өткізіледі.

Мандаттық комиссиясы 26 сәуір күні 8.30-9.30 уақыт аралығында ҚР ҚМ ӘТМ аумағында өткізіледі.

Облыстық ойынның салтанатты ашылуы 26 сәуір күні сағат 10.00-де ҚР ҚМ ӘТМ аумағында өтеді.

7. Қатысуға өтінім (1 қосымша) облыстық мектептер мен колледж директорларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларының қолымен 2023 жылғы 16 сәуірге дейін or-vpv@mail.ru электронды поштасына қабылданады, тел. 8 (7232) 70-26-74.

4. Турнирге қатысушылар

8. Сайыстарға колледжердің 1-2 курс студенттері (ұлдар), алғашқы әскери дайындық курстарын өтіп жүрген облыстық оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары қатысады. Команда құрамы - 7 қатысушы.

9. Қатысушылардың киім формасы камуфляжданған, бас киімде, белбеу, залға арналған спорттық аяқ киім. Әр қатысушының өзімен бірге жарақталған противогазы болуы тиіс. Жүзу бассейнінде әр қатысушыдаөзімен бірге плавка, сланцы, шапкажәне жеке гигиена заттары болуы керек

10. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирге қатысатын команда мүшесінің дені сау болуы, медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы, қауіпсіздік техникасын білуі және сақтауы тиіс;

- өткізілетін сайыстар туралы ережені білуі және оларды қатаң сақтауы тиіс;

- турнирге көрсетілген уақытта және белгіленген киім формасында келуі тиіс;

- өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс;

- қатысушыларға арналған орында болуы және турнирге арналған тәртіпті сақтауы тиіс;

- төрешілердің нұсқауларын бұлжытпай орындауы тиіс;

- қарумен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтауы тиіс;

- төрешілерге тек жаттығуларды орындауға қатысты шұғыл мәселелер бойынша тікелей жүгінуі тиіс. Барлық басқа жағдайларда төрешілер алқасына команда жетекшісі арқылы ауызша немесе жазбаша өтініммен жүгінуі кере

11. Команда жетекшісі:

- қару мен оқ-дәрілердің сақталуына, команданың тәртібіне, команда мүшелерінің турнир реттілігін, белгіленген киім формасын сақтауына, қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуіне жауап береді;

- белгіленген мерзімде төрешілер алқасына турнир регламентімен қарастырылған құжаттарды ұсынады.

12. Команда жетекшісіне:

- төрешілер жұмысына араласуға, сондай-ақ жекелеген қатысушыларды ауыстыру немесе оларды сайыстан алу туралы өз еркімен шешім қабылдауға тыйым салынады;

- турирді өткізу барысында қатысушыға облыстық турнирді өткізу Регламентінде қарастырылмаған көмекті көрсетуге тыйым салынады.

5. Турнир кезеңдері

13. Турнир кезеңдері:

- жүзу - (барлық бөлімшелер эстафета түрінде қатысады);

- саптық байқау – (барлық бөлімшелер қатысады);

- ММГ АК-74 шашу және жинау (2 қатысушы);

- противогазды кию бойынша нормативті орындау (барлық бөлімшелер қатысады);

- ЖҚК кию бойынша нормативті орындау (2 қатысушы);

- турникте тартылу – (2 ұл қатысады);

- орыннан ұзындыққа секіру (барлық бөлімшелер қатысады);

- АК магазинін патрондармен оқтау(1 қатысушы).

Материалдық қамтамасыз ету:

- секундомер 4 дана;

- оқупатрондары барАК магазині-2дана;

- ММГ АК-74 – 2 дана;

- әр қатысушыны противогазбенкоманда жетекшілері қамтамасыз етеді;

- ЖҚК-2 дана;

- рулетка.

6. Жеңімпаздарды анықтау

14. Сайыстар қорытындысын төрешілер алқасы кезеңдерде төрешілер ұсынған турнир нәтижелері негізінде шығарады. Жеңімпаз және жүлдегер командалар турнирдің әрбір кезеңінде жинаған ұпай сомасы бойынша анықталады. (Жалпыкомандалық орын командалардың әрбір кезеңде алған орнының ең кем сомасы бойынша анықталады). Алынған ұпай саны бірдей болған кезде –жеңімпаз саптық байқау нәтижесі бойынша анықталады. Аталмыш көрсеткіш бойынша тең болған кезде – автоматты шашу және жинау нәтижелері бойынша.

Төрешілер алқасы және бағалау жүйесі

- нәтижелерді бағалау үшін төрешілер алқасы құрылады, оған турнир кезеңдерінің төрешілері енеді;

- төрешілер алқасының құрамы қатысушыларға турнир басталар алдында хабарланады;

- турнирдің өтуі барысында тәріп бұғаны үшін команда турнирден шеттетіледі, бұл туралы шешім төрешілер алқасының хаттамасымен рәсімделеді;

- сайыстың әр түрі бойынша жиынтық хаттамада ең үздік үш нәтиже көрсетіледі,қатысушының тегі мен аты жазылады.

7. Марапаттау

15. Жарыстың соңғы кезеңінде І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

8. Қаржыландыру

16. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»орталығы жүзеге асырады.

17. Облыстық ойынның аудандық, қалалық кезеңдерін аудандық, қалалық білім бөлімдері қаржыландырады.

18. Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа да жол жүру, тәуліктік жол жүру, жарыс кезінде тұру және тамақтану) іссапар ұйымдары көтереді.