2012 жылдың 29 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жастардың бойында қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабылеттерін дамыту мақсатында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық жас журналистер байқауынөткізді.
Байқауға барлығы 80 үміткер қатысты. Жұмыстарды білікті қазылар алқасы: «Дидар» газетінің тілші-журналистері, жоғары оқу орындарының ғалымдары және ӨҒП «Дарын» орталығының қызыметкерлері сарапқа салды. Байқау қорытындысы бойынша ережеге сәйкес жас ерекшеліктері бойынша 3 топта жүлдегерлер анықталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар табысталады.