+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының қорытындысы
17 Нау, 13:45

2023 жылдың 14 наурызында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында және облысымыздың қалалары мен аудандарының тірек мектептерінің базасында 5-6 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары болған облысымыздың мектептерінің 5-6 сыныптарынан 200-ге жуық оқушысы қатысты.

Олимпиада 8 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану.

Оқушылардың жұмыстарын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құралған әділқазылар алқасы бағалады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 98 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 18, II орын - 32, III орын - 48 оқушы).

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!