+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Әскер жасына дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирінің қорытындысы
16 Нау, 18:13

Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында әскер жасына дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтық арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

Турнирдің бағдарламасы келесі қашықтықтарды қамтиды:

- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);

- Аралас эстафета (командалық жарыстар).     

Іс-шараға «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының, жас құтқарушылар клубтарының 36 курсанттарын қамтитын 6 команда қатысты.

Облыстық турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

I орын - Өскемен қаласы білім басқармасының № 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы командасы;

II орын - Өскемен жоғарғыполитехникалық колледжі командасы;

III орын - Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырған мектеп-интернат-колледжі командасы.

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды, қалған командаларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!