Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында әскер жасына дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирі өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтық арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
Турнирдің бағдарламасы келесі қашықтықтарды қамтиды:
- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);
- Аралас эстафета (командалық жарыстар).
Іс-шараға «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының, жас құтқарушылар клубтарының 36 курсанттарын қамтитын 6 команда қатысты.
Облыстық турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын - Өскемен қаласы білім басқармасының № 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы командасы;
II орын - Өскемен жоғарғыполитехникалық колледжі командасы;
III орын - Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырған мектеп-интернат-колледжі командасы.
Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды, қалған командаларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!








