+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Көктем шуағы» облыстық сурет байқауының өткізу ЕРЕЖЕСІ
15 Нау, 17:38
  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Көктем шуағы» облыстық сурет байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Байқау қашықтықтан өткізіледі.

1.4. Байқаудың мақсаты:

- білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.

Міндеттері:

- балаларда шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу;

-  жас суретшілердің белсенділігін арттыру;

- өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

- Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздармен жүлдегерлерді анықтайды.

2.4. Қазылар  алқасы  ұсынылған материалдарды бағалауды келесі критерийлер негізінде жүзеге асырады:

- тақырыптың толық ашылуы және сапалығы (жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі, мазмұндылығы);

- көркем бейнеленуі (түстерді жарасымды қолдануы, композициясы);

- орындау эстетикасы;

- күрделілік деңгейі;

- автордың жасының шығармашылық деңгейіне сәйкестігі;

- өзіндік ерекшелігі, идеясы.

3. Байқаудың қатысушылары

3.1. Байқауға ШҚО-ның (мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, қосымша білім беру) білім беру ұйымдарының 4 пен 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілері мен оқушылары қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді:

- жас ерекшелік – 3 - 5 жас;

- жас ерекшелік – 6 - 8 жас;

- жас ерекшелік – 9 - 11 жас;

- жас ерекшелік - 12 - 14 жас;

- жас ерекшелік - 15 - 17 жас.

3.3. Байқауға қатысу ерікті, оқушылар мен білім алушыларды конкурсқа еріксіз қатыстыруға тыйым салынады. Байқауға қатысу туралы шешімді оқушылар және олардың ата-аналары қабылдайды (заңды тұлғалар).

4. Байқаудыөткізу және ұйымдастыру тәртібі

4.1.Байқау 2023 жылғы 10 наурыздан 07 сәуірге дейін өткізіледі.

4.2. Конкурсқа барлық ниет білдірушілер алдын ала іріктеусіз қатыса алады.

4.3. Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылғы 07 сәуірге дейін қалалық/аудандық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің үйлестірушілері өтінім мен жұмыстарды мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, тел: 8/7232/ 752-691, е-mail: texno_otdel@mail.ru

Өтінімде оқушының аты, тегі, жасы, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің аты, тегі, жұмыс атауын көрсету міндетті.

Конкурстық жұмыстар электрондық түрде JPEG форматында ұсынылады.

4.4. Демеушілердің, меценаттардың, әлеуметтік серіктестердің, білім беру мекемелерінің қаражаты есебінен бір конкурстық жұмыс үшін (Банктер комиссиясын есептемегенде) ұйымдастырушылық жарна 700 теңге. Төлемді қосымшалар арқылы және терминалдарда: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), «Банк ЦентрКредит»  АҚ («Дарын»  ШҚ АҒПО) арқылы жүргізуге болады.

4.5. Ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектің сканерленген нұсқасын жіберу міндетті шарт: (ұйымдастыру жарнасынсыз өтінімдер қабылданбайды).

5. Байқау жұмыстарының талаптары

5.1. Конкурсқа бір қатысушы ғана дайындаған жұмысын жібереді.

Бір қатысушыдан 1 сурет қабылданады.

Бір қатысушының екі және одан да көп өтінімдерде бірлесіп авторлығына жол берілмейді.

5.2. Бір жұмыс бойынша 1 адам ғана қатысушының жетекшісі бола алады.

5.3. Жұмыстың авторлығының дұрыстығы үшін жұмысты конкурсқа жіберген адам жауапты болады. Плагиат болып табылатын жұмыстар алынып тасталады.

5.4. Конкурстық жұмыстың (суреттің) тақырыбы көктеммен байланысты болуы керек.

5.5. Сурет кез-келген материалда (ватман, картон және т.б.) жасалуы мүмкін.

5.6. Сурет кез-келген техникада жасалуы мүмкін (май, акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар және т.б.).

5.7. Байқауға JPEG форматында сақталған жұмыстың жеке сапалы фотосуретін ұсыну қажет. Ол үшін жұмысты суретке түсіру немесе сканерлеу қажет (өлшем бірлігі 5 МБ-тан аспайтын).

5.8. Барлық жұмыстардың оң жақ бұрышында этикетка болу керек (аты-жөні, жасы, білім беру ұйымы, ауданы жазылған).

6. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына сурет өнері бойынша қосымша білім беру педагогтары кіреді.

6.2. Конкурс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (жетекшілерін көрсете отырып) марапатталады. Жүлделі орындардың саны шектелмейді және тек конкурсқа қатысатын жұмыстардың сапасымен анықталады.

Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

6.3. Конкурстың қорытындысы 2023 жылғы 21 сәуірде шығарылып, ДпҚББД ШҚҒӘ «Дарын» орталығы https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында орналастырылады.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.

7. Байқауды қаржыландыру

7.1. Байқауды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.