1. Жалпы ережелер
1. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, қаржыландыруын, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін, қатысушылар мен жеңімпаздарын анықтайды.
2. Форумның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
3. Форум қашықтық форматта өткізіледі.
4. Форумның мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
5. Форумның міндеттері:
- қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;
- білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;
- білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;
- еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
- балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
6. Форумды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
2. Форумды өткізу мерзімі мен орны
7. Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы балалардың қосымша біліммен қамтуын арттыру үшін Форум үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік (2023 жылғы 7 сәуіріне дейін);
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық/қалалық (2023 жылғы 7 сәуіріне дейін);
Үшінші кезең (қорытынды) – облыстық (2023 жылғы 20-21 сәуір, қашықтықтан).
8. Форумның іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, мамандандырылған білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.
9. Білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған қатысу туралы хатты және конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының sporturizm@shygysdaryn.kz электронды поштасына жолдау қажет. Тел. 8(7232)70-26-74.
10. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) Форумның аудандық/қалалық кезеңдері жеңімпаздарының Форумның облыстық кезеңіне өтінімі (Қосымша 1);
2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың сканерленген көшірмелері;
3) www.youtube.com сайтына жүктелген бейнематериалдардың сілтемесі;
11. Әр қатысушы бір ғана өтінім жібере алады. Бір қатысушы бір ғана жұмысты көрсете алады. Бір жұмысты бір қатысушы ғана жолдай алады.
12. Форумға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Форум ұйымдастырушылары қатысушылардың жұмыстарын авторын көрсету арқылы БАҚ-та жариялауға құқылы.
3. Форум қатысушылары
13. Форумға аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен жалпы орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 12-17 жастағы оқушылар (2023 жылдың мамыр-маусым айларында!).
14. Топтың құрамы әр аудан/қаладан 9 оқушы және 1 жетекші болуы қажет.
4. Форумды өткізу шарты мен тәртібі
15. Форум санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.
16. Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы – жас экологтардың 3D атласын жасауы. Флора мен Фауна өкілдерінің 3D-форматтағы көлемді макетін жасау (қызыл кітап, эндемиктер және т. б.) (1 қатысушы).
Көлемді орналасу объектінің барлық ботаникалық, анатомиялық ерекшеліктерін көрсету керек, яғни біз өсімдіктерді өз ерекшеліктерімен бейнелейміз: жапырақтардың пішіні, олардың тамырлары, тамырлардың көрінісі, гүлдің құрылымы, жануарларда тұмсықтың немесе табанның құрылымын, жануардың түс ерекшеліктерін және т. б. толық көрсету қажет Жұмыс бағыты – SketchUp, Blender, Tinkercad.com.
Демонстрациялық материалды (макеттер, үлгілер, бейнелер және т.б.) қолдануымен бейнероликтің/бейнепрезентацияның ұзақтығы - 7 минутқа дейін.
Бағалау өлшемдері:
- Зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы;
- Құрылым. Материалды ұсыну логикасы;
- Жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі. Автордың жеке үлесі;
- Қойылған міндеттерді орындаудың нәтижелілігі;
- Мазмұнның сапасы;
- Шығармашылық. Өзіндік ерекшелігі. Инновация;
- 3D жұмыс форматы (жұмыс ортасы – SketchUp, Blender, Tinkercad.com);
- Бейнематериалдардың техникалық сапасы: сурет, дыбыс және т. б.;
- Жұмыстың практикалық маңыздылығы;
- Тақырыпты ашудың толықтығы. Номинацияға сәйкестік.
Жеке қатысу.
Байқауға www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнеролик/ бейнепрезентация ұсынылады.
2. «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
а) қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т.б. ластану мәселелерін шешу жолдары (1 қатысушы);
б) инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (1 қатысушы).
Демонстрациялық материалды (макеттер, үлгілер, бейнелер және т.б.) қолдануымен бейнероликтің/бейнепрезентацияның ұзақтығы - 7 минутқа дейін.
Бағалау өлшемдері:
- Зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы;
- Құрылым. Материалды ұсыну логикасы;
- Жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі. Автордың жеке үлесі;
- Қойылған міндеттерді орындаудың нәтижелілігі;
- Мазмұнның сапасы;
- Шығармашылық. Өзіндік ерекшелігі. Инновация;
- Бейнематериалдардың техникалық сапасы: сурет, дыбыс және т. б.;
- Жұмыстың практикалық маңыздылығы;
- Тақырыпты ашудың толықтығы. Номинацияға сәйкестік.
Жеке қатысу.
Байқауға www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнеролик/ бейнепрезентация ұсынылады.
3. «Экотеатр» интерактивті презентациясы» номинациясы – экологияның қызықты және өзекті мәселелеріне арналған интерактивті түрде сахналаудың бейнежазбасы (3 қатысушы). Экотеатр – экология мен өнерді біріктіреді. Сахналауда әртүрлі заттарды, костюмдерді және т. б. пайдалануға рұқсат етіледі.
Бейнероликтің ұзақтығы 10 минутқа дейін.
Бағалау өлшемдері:
- Тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы, идеясы;
- Мазмұны;
- Актерлық шеберлігі;
- Репертаурдың күрделілігі;
- Костюм;
- Декорация;
- Техникалық және музыкалық сүйемелдеуі;
- Бейнематериалдың техникалық сапасы: бейне, дауыс, т.б.;
- Тақырыптың ашылуы. Номинацияға сәйкестігі.
Ұжымдық қатысу.
Байқауға www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнеролик/ бейнепрезентация ұсынылады.
4. «Eko-Bolashak» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы бойынша, экологиялық патрульдердің жұмысы туралы бейнероликтің презентациясы (1 қатысушы).
Презентация ұзақтығы – 5 минутқа дейін.
Аталған сайысқа әр түрлі графикалық әдіс-тәсілдер, анимациялар, компьютерлік графикалар мен музыкалық сүйемелдеулер қолдануға болады.
Бағалау өлшемдері:
- Өзектілігі мен жаңалығы. Идея;
- Жүргізілген жұмыстардың дәрежесі мен көлемі. Автордың жеке үлесі;
- Стилистикалық шешім;
- Практикалық қолдану;
- Шығармашылық;
- Мазмұны;
- Әлеуметтік маңыздылығы;
- Бейнематериалдардың техникалық сапасы: сурет, дыбыс және т. б.;
- Тақырыпты ашудың толықтығы. Номинацияға сәйкестік.
Жеке қатысу.
Байқауға www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнеролик/ бейнепрезентация ұсынылады.
5. «GREEN OASES» номинациясы – ландшафтық жобалар байқауы (1 қатысушы). Байқау жұмысы – мектеп ауласының, балабақшаның немесе басқа білім беру ұйымының ландшафттық дизайны.
Макет өлшемдері 50х50 см-ден артық емес.
Орындау үшін материалды таңдау еркін.
Жұмысты қорғау - 5 минутқа дейін.
Жұмысқа заттаңба (этикетка) (10х15 см) қоса тіркеледі, онда жұмыстың аталуы, қатысушының Т.А.Ә., жасы, білім беру ұйымы, қала, аудан, облысы көрсетіледі.
Бағалау өлшемдері:
- Өзектілігі мен жаңалығы. Идея;
- Ландшафттық композицияның конкурс шарттарына сәйкестігі;
- Жүргізілген жұмыстардың дәрежесі мен көлемі. Автордың жеке үлесі;
- Техника;
- Ландшафттық жобаның орындалу сапасы;
- Жобаның эстетикалық көрінісі;
- Шығармашылық. Өзіндік ерекшелігі. Шығармашылық;
- Өсімдік материалының тіршілігін қамтамасыз ету (егер бар болса);
- Бейнематериалдардың техникалық сапасы: сурет, дыбыс және т. б.;
- Тақырыпты ашудың толықтығы.
Жеке қатысу.
Байқауға www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнеролик/ бейнепрезентация ұсынылады.
6. «Туған өлкенің бояулары» номинациясы – кез келген графикалық редактордың (фотосуреттер, картиналар, портреттер, суреттер, коллаждар және т.б.) көмегімен дербес орындалған мәтіні бар электрондық экологиялық ашық хат - сурет (1 қатысушы).
Тікелей электрондық ашықхаттағы мәтін - бұл экологиялық күнтізбе, авторы көрсетілген көркем, поэтикалық, ғылыми-көпшілік шығармалардан алынған дәйексөздер, ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың айтқан сөздері: экология, адамның сыртқы әлеммен қарым-қатынасы, табиғатты қорғау және сұлулық туралы, ұрандар, үндеулер және т. б.
Файл параметрлері - jpg форматы.
Көлемі – 5 мб дейін.
Қосымша материал ретінде жұмыстың жасалу процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады.
Мәтіндік түсініктемелердіңболуы міндетті: жұмыстың атауы, автордың аты – жөні, орындау техникасы, қажет болған жағдайда мазмұнын түсіндіру.
Бағалау өлшемдері:
- Өзектілігі мен жаңалығы. Идеяның өзіндік ерекшелігі;
- Жүргізілген жұмыстардың дәрежесі мен көлемі. Автордың жеке үлесі;
- Композициялық шешім;
- Техника. Орындау деңгейі;
- Көркемдік мәнерлілік;
- Шығармашылық. Креативтілік.
- Мәтіннің визуалдық әсемдігіне сәйкестігі;
- Материалдардың техникалық сапасы: сурет, дыбыс және т. б.;
- Экологиялық тақырыптың көрінісі. Тақырыпты ашудың толықтығы.
Жеке қатысу.
Байқауға жұмыстар (мәтіні бар сурет), қосымша материалдар және электрондық нысандағы мәтіндік түсініктемелер жіберіледі.
17. Кәмелетке толмағандардың демонстрациялық жұмысы жануарларға қатыгездікпен қарау бойынша эксперименттер жүргізілетін, адам мен жануарлардың денсаулығына зиянды заттар (улы, радиоактивті, зерттелмеген, канцерогенді заттары бар зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар) қолданылатын жабдықтарды пайдаланатын жобаларға қатысуға жол берілмейді.
Плагиатқа, бұрмалауға жол берілмейді.
5. Форумның қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
18. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын Форумның бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
19. Форумның қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар номинациалар бойынша I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға Форумға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
20. Номинациялар бойынша барынша жоғарғы балл жинаған қатысушылар 2023 жылдың маусым айында өтетін «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумына жолдама алады.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 70-26-74.
6. Форумды қаржыландыру
21. Форумды қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.