ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20-21 сәуірі аралығында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын (бұдан әрі – Форум) өткізу жоспарлануда.
Форум қашықтық форматта өткізіледі.
Форумның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынаста тәрбиелеу.
Форумның номинациялары:
- «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы»;
- «Zhasyl El»;
- «Экотеатр» интерактивті презентациясы»;
- «Eko-Bolashak»;
- «GREEN OASES»;
- «Туған өлкенің бояулары».
Форум үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік Форум;
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық / қалалық Форум;
Үшінші кезең (қорытынды) – облыстық Форум.
Номинациялар бойынша барынша жоғарғы балл жинаған қатысушылар 2023 жылдың маусым айында өтетін «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумына жолдама алады.
Форумға аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен жалпы орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 12-17 жастағы оқушылар (2023 жылдың мамыр-маусым айларында!).
Топтың құрамы әр аудан/қаладан 9 оқушы және 1 жетекші болуы қажет.
Білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған қатысу туралы хатты және конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына sporturizm@shygysdaryn.kz. электронды поштасына жолдау қажет. Тел. 8(7232)70-26-74
Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) Форумның аудандық/қалалық кезеңдері жеңімпаздарының Форумның облыстық кезеңіне өтінімі;
2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың сканерленген көшірмелері;
3) www.youtube.com сайтына жүктелген бейнематериалдардың сілтемесі.