2012 жылы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Өмір бойы оқу» деп аталатын Шемонаиха ауданындағы күндері аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Жас таланттар» секциясын өткізді.
Оның жұмысына С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары: х.ғ.к., химия кафедрасының доценті Д.А. Нурғалиева; б.ғ.к., жаратылыстану ғылымдарының доценті Е.А. Сапронова; сонымен бірге дарынды балаларға арналған облыстық мектептерден: №34 мектеп-лицейден биология пәні мұғалімі С.В. Кубряк; тарих пәні мұғалімі Т.В. Барышева; «Восток» ғылыми-зерттеу орталығынан ағылшын тілі пәні мұғалімі А.В. Чеботкова қатысты.
Пәндік лабораториялар кезінде шеберлік сабақтары өткізілді, Ұлттық бірыңғай тестілеуге, пән олимпиадаларына дайындау мәселелері бойынша оқушылар мен мұғалімдерге ғылыми кеңестер берілді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша шағын олимпиада өткізілді, сондай-ақ мектеп оқушылары олимпиада тапсырмаларын талдады.
Шағын олимпиадада жүлделі орын иеленген оқушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.
Химия пәнінен олимпиада жүлдегерлерінің тізімі:
1-орын – Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін №3 орта мектептің 10-сынып оқушысы Елена Григорьева;
2-орын – Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін №3 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ольга Останкова;
3-орын – Д.М. Карбышев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Лаура Жетпісбаева.
Биология пәнінен олимпиада жүлдегерлерінің тізімі:
1-орын – Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін №3орта мектептің 10-сынып оқушысы Виктория Гончарова;
2-орынды Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін №3 орта мектептің 10-сынып оқушылары Раушан Шаяхмет и Надежда Черепанова бөлісті;
3-орынды да Н.А. Островский атындағы орта мектеп оқушылары Адия Аркеева мен Арман Орынканов бөлісті.
Тарих пәнінен олимпиада жүлдегерлерінің тізімі:
1-орын – №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы Алишер Муканов;
2-орын – Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін №3 орта мектептің 10-сынып оқушысыАлександр Толчев;
3-орынды Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін №3 орта мектептің 10-сынып оқушылары Рустам Тикибаев пен Камила Жумадинова бөлісті.
Ағылшын тілі пәнінен олимпиада жүлдегерлерінің тізімі:
1-орын – Н.А. Островский атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Кристина Горшина;
2-орын – Н.А. Островский атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Ренат Нигматзанов;
3-орын – Н.А. Островский атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Яна Владимирская.
Білім басқармасының бағдарламасына сәйкес Е.С. Сафронова (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының психологы) аудан мектептерінің психологтарымен іскерлік ойынын өткізді. Топтық, жеке жұмыстар кезінде қатысушылар дарынды баланың портретін құрады, мектеп элитасымен жұмыс жүргізу формалары мен әдістерін анықтады. Н.М. Астафьев атындағы мектеп-гимназия психологтары дарынды балалармен жүргізетін жұмыс тәжірибесімен бөлісті
Шемонаиха ауданының мектеп мұғалімдері үздік оқушыларының жұмыстарын жинап шығармашылық көрмесін ұйымдастырды. Үздіктердің қатарында Шемонаиха ауданы әкімдігінің өнер мектебінің оқушысы Дарья Корсукованың «Нежность» деп аталатын жұмысы; қосымша білім беру мұғалімі В.Г. Истягинаның шығармашылық жұмыстары; Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін №3 орта мектептің оқушысы Екатерина Блинованың «Ностальгия» панносы; сонымен бірге Верх-Уба ауылындағы «Перспектива» сәулет-көркем студиясының ұжымдық жұмысы бар.
Шемонаиха ауданының мұғалімдері мен оқушыларының күшімен Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған жас таланттардың концерті өткізілді.
Шараны қорытындылау кезінде ұйымдастырушыларға алғыс айтылды. Қатысушылар болашақта да кездесіп, педагогикалық ынтымақтастықты нығайтуға тілек білдірді.