Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 27-31 наурыз аралығында Өскемен қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.
Жарыс 5-6 сынып ұлдар және қыздар арасында келесі спорт түрлері бойынша өткізіледі:
|
№ |
Спорт түрі |
Команданың сандық құрамы |
Мандаттық, төрешілік |
Жарыс |
|
1 |
«Шұбар доп» волейбол 5-6 сынып. (ұлдар) |
12+2 |
27.03.2023жыл, сағат 16.00 |
28-31.03.2023жыл,кесте бойынша |
|
2 |
«Шұбар доп» волейбол 5-6 сынып (қыздар) |
12+2 |
||
|
3 |
«Алтын доп» баскетбол 5-6 сынып (ұлдар) |
12+2 |
||
|
4 |
«Алтын доп» баскетбол 5-6 сынып (ұлдар) |
12+2 |
||
|
5 |
Тогызкумалак 5-6 сынып (ұлдар, қыздар) |
2+2+1 |
28.03.2023 жыл сағат 09.00 |
28.03.2023 жыл, сағат 10.00 |
|
6 |
Асык ату 5-6 сынып. (ұлдар) Бес асық 5-6сынып (қыздар) |
3+1 3+1 |
||
|
7 |
Үстел теннисі 5-6 сынып (ұлдар, қыздар) |
2+1+1 |
||
|
8 |
Шахматтан «Ақбозат» 5-6 сынып (ұлдар, қыздар) |
3+1 |
Жарысқа мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады.
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер ШҚО қалалары мен аудандарының ББ мектеп командаларынан бөлек қатысады.
Жарыс Ережесі бойынша спорттың екі түріне бір білім алушының қатысуына жол берілмейді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің білім алушылары осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, Мектеп лигасына өздері оқитын жалпы білім беретін мектептердің атынан қатысуға құқылы.
Мектеп лигасына балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мамандандырылған сыныптардың, спорт интернаттары мен академиялардың командалары қатыса алмайды.
Жарыс үш кезеңде өткізіледі:
1- ші кезең – мектепішілік іріктеу (қыркүйек-қазан);
2- ші кезең – аудандық/қалалық (қыркүйек-қазан);
3- ші кезең – облыстық (27-31 наурыз , Өскемен қ.).
- 2023 жылғы 27 наурызда сағат 16.00-де-волейбол және баскетбол бойынша мандаттық комиссия. Бас төрешілер алқасының команда өкілдерімен отырысы сағат 17.00-де.
- 2023 жылғы 28 наурызда сағат 09.00-де-Тоғызқұмалақ, Асық ату, Бес асық, шахматтан «Ақбозат», Үстел теннисі бойынша мандаттық комиссия. Бас төрешілер алқасының команда өкілдерімен отырысы сағат 09.30-да.
Әр кезеңге және спорт түріне өтінім жеке беріледі.
Алдын ала өтінімдер (спорт түрлері бойынша қатысушылардың нақты саны) 2023 жылғы 21 наурызға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекен-жайы бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жіберіледі.
Мандаттық комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:
- стандартты үлгідегі өтінім (№1 қосымша);
- қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік) (түпнұсқа) немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- спортшының жеке карточкасы (№2 қосымша);
- білім беру ұйымының оқушыларының өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы хаты (бұйрығы);
- сақтандыру полисі.