Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 14 наурызында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын, 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиада қатысушылары: облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 5-6, 7-8 сынып оқушылары – аудандық (қалалық ) кезеңнің жеңімпаздары.
Олимпиада 12 пән бойынша өткізіледі:
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
- Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
- Ағылшын тілі
- Қазақстан тарихы
- Математика
- Физика
- Химия
- Биология
- География
- Информатика
Олимпиада барысында YouTube каналында олимпиаданың бейне жазбасы және тікелей көрсетілім жүргізіледі. Олимпиадаға тәуелсіз бақылаушылар қатысады.
Олимпиада Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында және қалалар мен аудандардың тірек мектептерінің базасындаөткізіледі.
Облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары, ғылым кандидаттары, доценттері мен оқытушыларынан құралған білікті қазылар алқасы, қатысушылардың білімдерін бағалайды және Олимпиада жеңімпаздарын анықтайды.
Олимпиаданәтижелері www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланатын болады.
Аталған шараға қызығушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарын 2023 жылы 14 наурызда сағат 10.00-ден 16.30-ға дейін 30-шы Гвардиялық дивизия, 34 көшесінде орналасқан С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне шақырамыз.
Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44, e-mail: priеmnaya@shygysdaryn.kz хабарласуға болады.