+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу ашылды
09 Нау, 12:53

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу ашылды. Биылғы олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылдануда. Оған тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында қолжетімді. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатыса алады.

Биылғы қатысушылар үшін бірнеше жаңалығымыз бар. Алғашқысы, 2023 жылғы олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатыса алады. Екіншісі, биыл мұғалімдер тіркеуден өтті, олимпиада қорытындысы бойынша оқушылары жеңімпаз атанған мұғалімдерге сертификат берілетін болады. Сондай-ақ, биыл сайтта өткен жылдағы тест тапсырмалары бойынша https://ro.elumiti.kz/ сайтында дайындалуға мүмкіндік беретін тренажер іске қосылды

«Мың бала» олимпиадасының I кезеңі 2023 жылдың сәуір айының 3 мен 7-сі аралығында өтеді. Тестілеу онлайн-форматта өткізіледі.

II кезең 2023 жылғы сәуір айының 26 мен 28 аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында күндізгі форматта өтеді.

Қосымша ақпаратты 8/7232/70-02-44 нөмірінен алуға болады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілінің байланыс телефоны 8/7172/742-329 Саманта.

Жоба үйлестірушісі 8/7172/248-792 Айжан