2023 жылдың 27 ақпан мен 3 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі өтті.
Мақсаты - Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккей спортын танымал ету, хоккейден спорттық мамандандырылған мектептерді толтыру үшін жас талантты хоккейшілерді анықтау, балалар мен жасөспірімдерді жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту.
Турнир жеребе бойынша топтарда IIHF (International Ice Hockey Federation - Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы) ережелері бойынша өтті.
Облыстық турнирге Алтай, Глубокое, Зайсан және Ұлан аудандарының, Риддер және Өскемен қалаларының 9 командасы қатысты.
Ойыншылардың жасы екі жас тобында анықталады:
1) 2009-2010 (2011) ж.т. (ұлдар);
2) 2012-2013 (2014) ж.т. (ұлдар).
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінді:
2009-2010 (2011) ж.т. ұлдар:
І орын – Риддер қаласының командасы;
ІІ орын – Глубокое ауданының командасы;
ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.
2012-2013 (2014) ж.т. ұлдар:
І орын – Алтай ауданының командасы;
ІІ место – Риддер қаласының командасы;
ІІІ место – Ұлан ауданының командасы.
Турнирдің үздік ойыншылары:
- «Үздік ойыншы» - Грищенко Кирилл және Павлюк Влад, Ұлан ауданы;
- «Үздік қақпашы» - Табакаев Данил, Глубокое ауданы; Ахметкалиев Хасан, Алтай ауданы;
- «Үздік қорғаушы» - Сарин Тамерлан және Хайханов Кирилл, Риддер қаласы;
- «Ең нәтижелі ойыншы» - Вдовин Макар, Риддер қаласы; Шанышин Кирилл, Алтай ауданы.
Жүлделі орындарға ие болған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тілейміз!





