+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ғарыштық робототехника» республикалық практикумының қорытындысы
06 Нау, 18:11

Ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерін жетілдіру және оны тәжірибеде қолдану, дарынды оқушыларды анықтап, оларға мамандық таңдауға көмектесу мақсатында 2023 жылғы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО обсерваториясының базасында «Ғарыштық робототехника» зертханалық практикумы өткізілді.

Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің жас зерттеушілерінен құралған Шығыс Қазақстан облысының командасы бағдарламалау мен Lego робототехника негіздерін, сонымен қатар Arduino платформасында робототехника элементтерін қолдана отырып жобалар дайындау бойынша білім алды.

Курсқа қатысушылар ғарыштық робототехника бойынша дәрістер тыңдап, әртүрлі тапсырмаларды орындады. «Аспан объектілерін бақылау» бойынша қосымша танымдық курстарына қатысты.

Курс соңында оқушылар тест тапсырмаларын орындап, роботтарды модельдеу бойынша жобаларды қорғады.

Барлық курсқа қатысушыларға «Бөбек» ҰҒПББСО сертификаттары берілді.