Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігігінің «Дарын» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында Өскемен қаласындағы «Дарын» дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығының базасында «Қала сыртындағы лагерь жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.
Семинарға өңірлік «Дарын» орталықтарының директорлары мен директордың орынбасарлары қатысты.
Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Г.Қ. Тұрсынов сөз сөйлеп, семинардың ашылуымен құттықтады.
Семинар барысында т.ғ.к., «Дарын» дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Г.Б. Рахимжанова, Шығыс Қазақстан облысында Таулы Үлбідегі «Дарын» лагерінде дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы таныстырып өтті.
«Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО директорының орынбасарлары: К.С. Искакова «Жазғы лагерьде демалыс кезінде балалардың икемділік дағдыларын дамыту», Г.А. Елемесова «Практикалық қазақ тілін үйренуге арналған жазғы тілдік лагерь: ұйымдастыру тәжірибесі» және Орталықтың әкімшілік бөлімінің меңгерушісіИ.Е. Қалиахметова «Қала сыртындағы «Дарын» лагерінің жеке құрамын қалыптастыру» тақырыптарында баяндамалар оқып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, семинар-кеңесте дарынды балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласының, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталықтарындағы әріптестердің баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, семинар-кеңес барысында коучинг, тренингтер, тимбилдинг және шеберлік-сыныптары өткізілді.
Қала сыртындағы дарынды балалармен жүргізіліп жатқан жұмыс түрлері туралы пікір алмасуға мол мүмкіндік берген семинар-кеңес диалогтік алаң форматында өтті.