2023 жылғы 21-25 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында «Жас Сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Қалқан» Республикалық қысқы спартакиадасына қатысты (филиал, Алматы облысы, п. Панфилов).
Спартакиаданың негізгі міндеттері:
- жасөспірімдердіәскери-патриоттық тәрбиелеу;
- әскери қызметтің мәртебесін көтеру;
- тәрбиелеудің және тұлға болып дамудың маңызды құралы ретінде дене даярлығы мен спортты насихаттау;
- жасөспірімдердің өзара көмектесу және жолдастық қолдау көрсету сезімдерін тәрбиелеу;
- салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс бағдарламасы:
- 3 км шаңғы жарысы;
- пневматикалық мылтық ату;
- белтемірде тартылу;
- Арқаға жатып денені көтеру.
Спартакиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 17 команда қатысты. Жалпы командалық есепте ШҚО командасы 6 орынға ие болды.
Проскуряков Даниил Евгеньевич 178 ұпаймен IV жас тобы арасында жекелей есепте 2 орынды иеленді.
Қатысушыларды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Армия үйінде өтті. «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерін жарыстың аяқталуымен атақты спортшылар – олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және әлем чемпионының қола жүлдегері, дзюдошы Гусман Қырғызбаев құттықтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!


