Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында Өскемен қаласында Өскемен жоғары политехникалық колледжініңбазасында баскетболдан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа 12 колледж командасы қатысты.
Іс-шара FIBA баскетболының ресми ережелерінің регламентіне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Қыздар арасында:
1 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі;
2 орын – Өскемен экономика-қаржы колледжі;
3 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі.
Ұлдар арасында:
1 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
2 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі;
3 орын– Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі.
Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!



