+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқаудың қорытындысы
24 Ақп, 15:13

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2023 жылдың 22-23 ақпаны күндері жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 қазақ сыныптарында оқитын оқушылары арасында республика көлемінде қашықтан «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Байқау онлайн форматта 2 бағыт бойынша өтті:

-  «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы;

- «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы.

Шығыс Қазақстан облысынан байқауға 9 оқушы қатысты.

«Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы бойынша IIІ дәрежелі дипломдармен Тарбағатай ауданы, Құйған орта мектебінің 9 сынып оқушысы Асылжан Қабиқызы және Катонқарағай ауданы, Балғын негізгі орта мектебінің  9 сынып оқушысы Анеля Башева марапатталды.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы  бойынша IІІ дәрежелі дипломмен Катонқарағай ауданы, Көкбастау орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мөлдір Жанатбек марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.              

Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Шығармашылық табыстар тілейміз!