Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» 2023 жылғы 23 ақпанда Өскемен қаласының «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК базасында Шығыс Қазақстан облысының «Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық фестиваль – байқауының» облыстық кезеңі өтті.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, балаларға музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту.
Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
- фортепиано сыныбы бойынша білім алушылардың жеке орындауы;
- хор ұжымдарының өнер көрсетуі.
Байқауға қатысушыларды халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушылары құрамындағы қазылар алқасы бағалады.
Фестиваль-байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Фестиваль-байқаудың 33 жеңімпазы 2023 жылдың сәуір айында онлайн форматта өтетін республикалық кезеңге облысымыздың атынан қатысады.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар тілейміз!
Жеңімпаздарға республикалық кезеңде сәттілік!