+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Өскемен қаласының № 11 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы, «Жас техниктер станциясының» тәрбиеленушісі, республикалық, облыстық Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) жарысының жеңімпазы Какоткин Ег
22 Ақп, 17:16

Өткізілетін орны:                                                                          өткізілетін күні:

ШҚО, Өскемен қ., Әуезов к-сі, 5,                                              28 ақпан 2023 жыл.

«Жас техниктер станциясы» КМҚК.

 

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2023 жылдың 28 ақпаны күні сағат 15-00-де Өскемен қаласының Жас техниктер станциясының базасында техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) жарысының жеңімпазы Какоткин Егормен БАҚ өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылады.

Мақсаты - қосымша білім беру арқылы баланың мүдделері бойынша қабілеттерін дамытудың оң үлгісін көрсету; білім алушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тартуды, мемлекеттің талантты балаларды қолдауын танымал ету.

Өткізу форматы - сұхбат, әңгіме, шеберлік-сынып.

Спикер:

№ 11 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы, «Жас техниктер станциясының» тәрбиеленушісі, республикалық, облыстық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) жарысының жеңімпазы - Какоткин Егор:

1 орын -Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) жарысының жеңімпазы, жабық сапарларда радиомен басқарылатын модельдегі Пилотаж. F3p класы, 2022 жыл.

1 орын – авиамодельдеу бойынша облыстық жарыстар, 2021 жыл;

2 орын – әуе, авто, зымыран және кеме құрастыру бойынша республикалық жарыстар, F3p класы, 2021 ж.

Қосымша ақпарат алу үшін: ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, тел: 8 (7232) 75-42-12, е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz. хабарласыңыз.