+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
22 Ақп, 17:12

Өткізілетін уақыты: 2023 жылғы 27 ақпан – 3 наурыз

Өткізілетін орны:Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 мектеп-лицей», мұз айдыны Тимирязев көшесі, 177а.

Турнирдің салтанатты ашылуы: 2023 жылғы 28 ақпанда, сағат 10:00-де.

Турнирдің салтанатты жабылуы: 2023 жылғы 3 наурызда, сағат 12:00-де.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 ақпан - 3 наурыз аралығында балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің облыстық кезеңі өтеді.

Мақсаты-  Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккей спортын танымал ету, хоккейден спорттық мамандандырылған мектептерді толтыру үшін жас талантты хоккейшілерді анықтау, балалар мен жасөспірімдерді жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мәдениетті дамыту, бос уақытты ұйымдастыру және жас ұрпақтың денсаулығын нығайту.

Турнирге облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-14 жас жасындағы оқушылары қатысады.

Ойыншылардың жасы екі жас тобында анықталады:

  1. 2009-2010 (2011) ж.т. (ұлдар);
  2. 2) 2012-2013 (2014) ж.т. (ұлдар).

Команда құрамы: 18 ойыншыға дейін.

Қамтылуы: 120-150 оқушы.

Турнир қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

Спикерлер:

Грищенко Алексей Леонидович - КСРО спорт шебері, ШҚО ДШжСБ «Шайбалы хоккейден олимпиадалық резервтің Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ әдіскері.

Кусаинов Руслан - ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 5 орта мектебі» КММ, 6 сынып оқушысы.

Қосымша ақпарат алу үшін ШҚО ББ ДПҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының тел: 8 (7232) 75-42-12, е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz хабарласуға болды.