2012 жылдың 23 қарашасында Шығыс - Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Конкурс Өскемен каласының № 19 мектеп -кешенінде 1-7 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Шараны өткізудің мақсаты – оқушылардың шығармашылық-зияткерлік әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту.
Оқушылардың ғылыми жобалары 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика – информатика;
2) физика – техника;
3) қазақ тіліжәне әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия, валеология;
6) география – экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология – медицина.
Білікті қазылар алқасының құрамында облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары болып, оқушылардың жобаларын ғылыми ойлауларына, зерттеу әдістерін қолданудағы нәтижелілігіне, тақырыпты ашу дәрежесіне, материалдарды көрсету сапасына, команда мүшелерінің үйлесімділігінің деңгейлеріне, шешендік шеберліктеріне, шығармашылық қабілеттеріне байланысты бағалады.
Әділ қазылардың шешімі бойынша республикалық конкурстың облыстық кезеңіне қатысуға Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларынан, Аягөз, Глубокое, Ұлан, Күршім, Бородулиха, Көкпекті аудандарынан 150 жас зерттеушілер шақырылды.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 52 оқушы жеңімпаз атанып. Оларға грамоталар мен сыйға кітаптар берілді.