Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 1 наурыз күні Өскемен қаласында «Спешиал Олимпикс» қозғалысы бойынша үстел теннисінен облыстық спартакиадасы өткізіледі (бұдан әрі - Спартакиада).
Спартакиаданың мақсаты: Арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру; қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.
Спартакиада Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Спартакиадаға берілген өтінімдер негізінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ), арнайы мектептердің, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің командалары қатыса алады
Команда құрамы: 9 адам - 3 ұл, 3 қыз, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер, 1 команда өкілі.
Командаларды бөлу келесі жас топтарында жүргізіледі: 12-15 жас, 15-22 жас.
Спартакиадаға қатысуға қабілеттері әртүрлі деңгейдегі зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі (ақыл-ой кемістігі) спортшылар жіберіледі. Даун синдромына қатысушыларға мойын аймағының рентгеноскопиясының нәтижелері бойынша дәрігердің қорытындысы болуы керек.
Өтінім қатаң түрде нысан бойынша ресімделеді (1-қосымша), оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (МӘС), арнайы мектептің, жалпы білім беретін мектептің, колледждің директоры қол қояды. Өтінімдер 2023 жылғы 22 ақпанға дейін sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.
Өтінімдер (түпнұсқа) өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.
Мандаттық комиссияға өтініммен бір мезгілде:
1) қатысушының жеке куәлігі және оның көшірмесі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);
2) оқу орнынан анықтама.