+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
В целях развития и популяризации массового спорта среди обучающихся профессионально-технического, послесреднего образования, определения лучших студенческих команд, выявления одаренных в спорте студентов и тренеров с 13 по 16 февраля 2023 года в г. Усть-К
20 Ақп, 11:56

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 13-16 ақпан аралығында Өскемен қ. Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің базасында колледж студенттері арасында волейболдан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 230 студентті қамтитын облыстың 13 командасы қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен волейбол жарысының қағидалары бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

Қыздар арасында:

1 орын – Қазақстан-Американдық еркін университеті жоғары колледжі;

2 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі;

3 орын – Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі.

Ұлдар арасында:

1 орын – Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі;

2 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі;

3 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!