2023 жылғы 15-16 ақпанда Қостанай қаласында Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың шаңғы жарысы және қарда жүруге арналған құралмен жүгіру бойынша Республикалық турнир өтті. Турнирге еліміздің 12 өңірінен командалар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысын Риддер қ. №7 арнайы мектеп-интернатының 8 оқушысы – «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша шаңғы жарысының облыстық жарыстардың жеңімпаздары таныстырды.
Жарыстың бірінші күні 500 метр қашықтыққа іріктеу өтті, нәтижесінде балалар дивизиондарға бөлінді. Әрі қарай 1000 метрге финал өтті. Осы қашықтықтағы есеп бойынша:
1 орын - Полякова Владислава, Кунгурова Лолита, Рыльский Виктор және Оразалинов Руслан.
2 орын - Панферова Ксения, Фролов Владислав,
3 орын - Газизова Виктория және Краснобаев Илья.
Жарыстың екінші күні 500 метрге финалдық жарыс өтті. Жекелей есепте:
1 орын - Полякова Владислава және Оразалинов Руслан;
2 орын - Панферова Ксения және Рыльский Виктор;
3 орын - Газизова Виктория және Фролов Владислав;
5 орын - Кунгурова Лолита.
4/500 м қорытынды командалық эстафетада ШҚО командасы 1 және 2 орынды (2 топ) жеңіп алды.
Турнирдің ашылу шеруінде Полякова Владислава «Спешиал Олимпикс» жарысының туын көтеру құрметіне ие болды.
Қатысушылар мен жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!




