+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
2-11 сынып оқушылары арасында Республикалық шахмат олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы Ережесі
17 Ақп, 17:26

I. Жалпы ережелер

2-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық шахмат олимпиадасының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) Республикалық шахмат олимпиадасын өткізу туралы ереженің, оқушылар арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

Бұл ереже Олимпиаданың мақсаттарын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

ІІ. Мақсаттары мен міндеттері

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

- Оқушылардың спорттық шеберлігі мен зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру;

- Шахматты оқушылар арасында танымал ету, бұқаралық сипатта  дамыту, насихаттау;

- Шығыс Қазақстан облысының үздік шахматшыларын анықтау.

ІІ. Ұйымдастыру мен өткізуге басшылық

Олимпиаданы ұйымдастыру және тікелей өткізу туралы жалпы басшылықты ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚКжүзеге асырады.

Жарысты тікелей өткізуді ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

Олимпиаданың мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізуге жауапкершілік аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, спорт бөлімдеріне, білім беру ұйымдарының басшыларына жүктеледі.

Олимпиаданың әрбір кезеңін өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

- жарыстарға қатысуға өтінімдер қабылдайды;

- кестеге сәйкес жарыстардың өткізілетін күндерін анықтайды;

- жарыс өтетін күнді кестеде көрсетілген мерзімнен бір ай бұрын өзгертуге құқығы бар;

- командалар мен қатысушыларды жарыстарға қатыстыруды жүзеге асыру бойынша комиссия құрады;

- бас төрешілер алқасының құрамын бекітеді;

- жарысқа қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;

- Олимпиаданың кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.

ІV. Олимпиаданың ережесі, орны, мерзімі

Олимпиада үш кезеңде өтеді:

1 кезең (мектеп біріншілігі) – мектепішілік жарыстар (2023 жылғы 24 ақпанға дейін). Мақсаты - мектеп құрама командасын құру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау: 5 ұл және 5 қыз. Мектепішілік жарыстарды өткізу туралы кесте және оның жеңімпаздары спорт бұрыштарында, стендтерде орналастырылады).

2 кезең (аудан біріншілігі) – қалалық және аудандық жарыстар (2023 жылғы 24 ақпанға дейін). Мақсаты – аудан, қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау. Нәтижелер бойынша аудандық/қалалық команданың құрамы анықталды: 5 ұл және 5 қыз.

3 кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2023 жылғы 15 наурызға дейін, онлайн). Мақсаты – облыстық деңгейлерде жеңімпаздарды анықтау. Нәтижелер бойынша облыстың құрама командасы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.

Олимпиаданың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімі мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен айқындалады.

1 (мектепішілік) және 2 (аудандық/қалалық) кезеңдердің қорытындылары бойынша есепті Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының  e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекенжайына жолдайды.

V. Олимпиада қатысушылары

Шахмат олимпиадасына Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары жіберіледі:

Жас тобы

Ұлдар саны

Қыздар саны

2-4 сынып

1

1

5-8 сынып

2

2

9-11 сынып

2

2

Барлығы:

5

5

VI. Олимпиаданы өткізу шарттары

Жарыс Халықаралық Шахмат Федерациясының (ФИДЕ) ережелері бойынша өтеді.

Олимпиада 2-4, 5-8, 9-11 сыныптардың ұлдар мен қыздар арасында бөлек, рапид бойынша өтеді.

Олимпиада швейцар жүйесі бойынша 7 немесе 9 турдан тұрады (командалар санына байланысты) өтеді.

Барлық жарыстарға ескерту:

Турнирдің кестесі мен жүйесін төрешілер алқасы командалар санына қарай түзете алады.

VII. Жеңімпаздарды анықтау

Жеңімпаздар Халықаралық Шахмат Федерациясының (ФИДЕ) бекітілген регламентіне сәйкес анықталады.

Жеке біріншіліктерде жеңімпаздар ойыншының жеке нәтижесіне байланысты анықталады. Командалық біріншіліктерде командалық орындар команданың нәтижесіне қарай анықталады.

VIII. Қатысуға өтінімдер

Командалардың финалдық жарыстарға (облыстық кезең) қатысуына өтінімдер 2023 жылғы 28 ақпанға дейін sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайына жолданады.

Сканерленген форматтағы өтінім құжаттарының мыналар кіреді:

- 1 (мектепішілік) және 2 (аудандық және қалалық) кезеңдерді өткізу туралы есеп;

- туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт;

- осы жарысқа команданы жіберетін ұйым және медициналық мекеме куәландырған өтініш;

- Директордың қолы қойылған оқу орнынан фотосуреті бар анықтама (печать фотосуреттің бұрышында мөр болу керек).

- оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы білім беру ұйымының бұйрығы;

Олимпиада ережелерін бұзған жағдайда – құжаттарды бұрмалау (қатысушының жасы, оқу орны) команда жарыстан шығарылады.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 70-26-74, 8 (777) 9842646.

IX. Қатысушылардың қауіпсіздігі

Өкіл жаттықтырушылар жарыс кезінде оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты.

Олимпиаданың әр кезеңдеріне командалардың  өткізу орнына дейін келуі жергілікті полиция қызметінің сүйемелдеуімен жүзеге асырылуы тиіс.

X. Олимпиаданы қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Олимпиаданың жеңімпаздарын төрешілер алқасының құрамы анықтайды.

Жарыстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары, жеке және командалық классификация бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады (жаттықтырушыны көрсете отырып).

Басқа қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар беріледі.

Олимпиада нәтижелері 2023 жылдың 15 наурызына дейін ШҚ ДпҚББД «Дарын» орталығының: https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында орналастырылады.

XI. Олимпиаданы қаржыландыру

Іс-шараны қаржыландыруды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырады.

Олимпиаданың бірінші және екінші кезеңінің шығындарын аудандық, қалалық білім бөлімдері, спорт бөлімдері және білім беру ұйымдарының басшылары өтейді.

Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік, жарыс кезінде тұру және тамақтану) іссапарға жіберуші ұйымдар көтереді.