+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
2-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық тоғызқұмалақ және шахмат олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы
17 Ақп, 16:47

Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігінің 07.02.2023 жылғы № 16-04-02/725-И хатына сәйкес 2023 жылдың наурыз айында 2-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық тоғызқұмалақ және шахмат олимпиадасының облыстық кезеңіөткізіледі.

Мақсаты - білім алушылар арасында зияткерлік ойындарды (тоғызқұмалақ, шахмат) насихаттау, олардың спорт түрлері бойынша шеберлігін арттыру; білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту; Шығыс Қазақстан облысында зияткерлік ойындар бойынша үздік оқушыларды анықтау.

Олимпиада үш кезеңде өтеді:

1 кезең (мектеп біріншілігі) – мектепішілік жарыстар (2023 жылғы 24 ақпанға дейін);

2 кезең (аудан біріншілігі) – қалалық және аудандық жарыстар (2023 жылғы 24 ақпанға дейін);

3 кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2023 жылғы 15 наурызға дейін, онлайн).

Олимпиаданың бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімі мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен айқындалады.

Командалардың финалдық жарыстарға (облыстық кезең) қатысуына өтінімдер 2023 жылғы 28 ақпанға дейін sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайына жолданады.

Сканерленген форматтағы өтінім құжаттарының мыналар кіреді:

- 1 (мектепішілік) және 2 (аудандық және қалалық) кезеңдерді өткізу туралы есеп;

- туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт;

- осы жарысқа команданы жіберетін ұйым және медициналық мекеме куәландырған өтініш;

- Директордың қолы қойылған оқу орнынан фотосуреті бар анықтама (печать фотосуреттің бұрышында мөр болу керек).

- оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы білім беру ұйымының бұйрығы.