Математика, физика, химия және биологиядан Президенттік олимпиаданың қашықтық айналымы а.ж. 15 қарашасында сағ. 10.00-де республиканың барлық аймақтарында бір уақытта өтті.
Шығыс Қазақстан облысында олимпиада Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектеп кешеңінде өтті. Облыс бойынша барлығы 11-сыныптың 26 оқушысы қатысты.
Іріктеу кезеңі 2 айналымнан тұрды:
Қашықтық және шығармашылық айналымдардың қорытындылары бойынша соңғы кезеңге (а.ж. 5-8 желтоқсанында, Теміртау қаласы) Шығыс Қазақстан облысы бойынша 3 оқушы өтті.
Олар Рахатқызы Мақпал (№9 ОМ, Зырян ауданы), Белтенов Нұртай (ҚТЛ, Семей қаласы), Кунафиянова Динара (Экономикалық мектеп-лицей, Семей қаласы).
Жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларды және мұғалімдерді құттықтаймыз, Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңіске жетулеріңізді тілейміз.