+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Әскери жастар арасында суда-құтқару жүзу бойынша V-ші облыстық турнирін өткізу туралы
17 Ақп, 16:42

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 16 наурыз аралығында Өскемен қаласында әскери жастар арасында суда-құтқару жүзу бойынша V-ші облыстық турнирін өткізу жоспарлануда.

Облыстық турнирдің мақсаты – жас ұрпақтың арасында өмір қауіпсіздігінің мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Турнир жабық жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында өткізіледі, мекен-жайы: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 1/2.

Турнир бағдарламасына келесі қашықтықтар кіреді:

- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);

- Құрама эстафета (командалық жарыстар).

Турнирге қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 3 наурызына дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының: or-vpv@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі.

Команданың сандық құрамы – 6 қатысушы (15-18 жастығы ұлдар) және 1 жаттықтырушы.