+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Тоғызқұмалақтан ШҚО колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
16 Ақп, 18:19

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 16 ақпанда Өскемен қаласында Өскемен құрылыс колледжінің базасында колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 32 студентті қамтитын облыстың 8 командасы қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен тоғызқұмалақ жарысының қағидалары бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

1 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі;

2 орын – Риддер колледжі, Риддер қаласы;

3 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!