Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің 2023 жылғы 2 ақпандағы №15-02/602-И хатына сәйкес ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Олимпиадаға облыстың ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 6 сынып оқушылары қатыса алады. 2022 жылғы Олимпиаданың жеңімпаздары атанған ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары ағымдағы Олимпиаданың ІІ кезеңіне тіркелусіз жіберіледі .
Олимпиадаға қатысу үшін 2023 жылдың 1 - 30 наурызы аралығында ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларының барлығы https://1000bala.elumiti.kz сайтында қатысушының тіркелу үлгісін толтыруы қажет.
Бірінші кезең онлайн форматта https://1000bala.elumiti.kz сайтында 2023 жылдың 3 - 7 cәуірі аралығында өткізіледі. Бұл кезеңнің қорытындысы нәтижесінде жеңімпаздар «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығы базасында 2023 жылдың 26 - 28 сәуірі аралығында офлайн форматта өткізілетін ІІ кезеңге өтеді.
Ағымдағы жылдың 1-28 ақпаны аралығында Олимпиада қатысушыларын дайындайтын педагогтарды тіркеу жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат бойынша 8 (7232)700-244 нөміріне хабарласуға болады.