+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің облыстық кезеңін өткізу туралы
14 Ақп, 16:56

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 ақпан-3 наурыз аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің облыстық кезеңі өтеді.

Мақсаты - Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккей спортын танымал ету, хоккейден спорттық мамандандырылған мектептерді толтыру үшін жас талантты хоккейшілерді анықтау, балалар мен жасөспірімдерді жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мәдениетті дамыту, бос уақытты ұйымдастыру және жас ұрпақтың денсаулығын нығайту.

«Жұлдызша» балалар мен жасөспірімдер турниріне жалпы білім беретін мектептердің балалар командаларына қатысуға рұқсат етіледі.

Ойыншылардың жасы екі жас тобында анықталады:

1) 2009-2010 (2011) ж.т. (ұлдар);

2) 2012-2013 (2014) ж.т. (ұлдар).

Командаға І жас ерекшелік тобы бойынша 2011 жылы туған, ІІ жас ерекшелік тобы бойынша 2014 жылы туған хоккейшілер медициналық анықтама және нотариуспен куәландырылған екі ата-ананың жазбаша рұқсатымен ғана қатыса алады.

Турнирге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының чемпионаттарына қатысатын шайбалы хоккейден олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектептерінде оқитын балалар жіберілмейді.

Турнир үш кезеңде өткізіледі:

I кезең: мектепішілік жарыстар (2023 жылғы 17 ақпанға дейін);

II кезең: қалалық және аудандық жарыстар (2023 жылғы 17 ақпанға дейін);

ІІI кезең: облыстық (Өскемен қ., 2023 жыл 27 ақпан-3 наурыз).

Командалардың финалдық жарыстарға қатысуы туралы алдын ала өтінімдер (қатысушылар саны) жарыс басталардан 10 күн бұрын Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекен-жайы бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жіберіледі.

Мандаттық комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:

- стандартты үлгідегі өтінім;

- қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік) немесе көшірмесі;

- команда өкілі ойыншыларға оқу орнынан мектеп директорының қолы қойылған фотосуреті бар анықтамаларды ұсынуы керек (мөр фотосуреттің бұрышында қойылуы керек);

- білім беру ұйымының оқушыларының өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы хаты (бұйрығы);

- сақтандыру полисі.