+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңін өткізу ережелері
14 Ақп, 16:50

1. Жалпы ережелер

1.1. «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын облыстық  кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.

1.2. Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

1.3. Форумның міндеттері:

1) өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;

2) кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;

3) көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту;

4) жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту;

5) білім алушылардың түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.

1.4. Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.5. Форумды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, байқауды өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

2. Форумды өткізу мерзімі және орны

2.1. Форумның облыстық кезеңі 2023 жылғы 11 сәуірде өткізіледі.

2.2. Форумның нысаны, уақыты мен орны қосымша хабарланады.

2.3. Форумға қатысуға өтінімдер (1-қосымша) қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолымен электрондық поштаға жіберіледі: texno_otdel@mail.ru 2023 жылдың 31 наурызына дейін.

2.4. Өтінімге қоса беріледі:

1) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

2) өңірлік кезеңдер туралы ақпарат (№2 қосымша).

2.5. Форумды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторды көрсете отырып, БАҚ-та жариялауға құқылы.

3. Форумға қатысушылар

3.1. Форумға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жасы: 11-17 жас.

3.2. Команда қатысушыларының жалпы саны-9 білім алушы және 1 жетекші.

4. Форумды өткізу тәртібі және шарты

4.1. Балаларды бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Форум екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Форум;

аудандық (қалалық) Форум;

2) екінші кезең  – облыстық Форум.

4.2. Форумның бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), білім бөлімдері басшыларының бұйрықтарымен анықталады.

4.3.Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. Презентациялар байқауы «Шығармашылық мамандықтың қырлары»:  

«Мен мамандықты таңдаймын....» - 3 қатысушы (қазақ тілінде 1, орыс тілінде 1, ағылшын тілдерінде 1 қатысушы).

Презентацияның мазмұны:

- авторды осы мамандықтың (тақырыптың) қызықтыру себебі;

- маманның, мамандық аталуының  шығу тарихы;

- мамандықтың «өмірінен»  белгілі емес фактілер;

- мамандықтың мазмұны;

- осы мамандық бойынша атақты адамдар;

- адамның осы мамандыққа қажетті қасиеттері, қабілеттері;

- мамандықтың оң және кері (жақсы – жаман ) жақтары;

- осы мамандықты қайдан оқып алуға болады (кәсіптік білім беру ұйымдары);

- осы мамандықтың адамдары қажет салалар;

- маманның мансаптық болашағы;

- қазіргі уақытта еңбек нарығында мамандардың сұранысы.

«Болашақтың мамандығы...» - 2  қатысушы ( 1 қазақ, 1 орыс тілдерінде).

Қатысушылар келесі сұрақтарды ашады және дәлелдейді: болашақтың кез-келген уақыт кезеңі, алыс (немесе онша емес) болашақта пайда болатын өз кәсібін, оның атауын ойлап табыңыз; осы кәсіптің қызметкеріне қойылатын талаптар, оның міндеттері; қызметкердің қазіргі заманғы кәсіптердің өкілдерінен ерекшеленетін негізгі кәсіби дағдылары, ол не істейді; не себепті  сипатталған мамандық шынымен сұранысқа ие болады.

Презентация материалдарына қойылатын талаптар: презентация 10-15 слайдтан аспауы керек. Файл өлшемі - 5 МБ-тан аспайды; форматы - PowerPoint; бастапқы бетте: облыс, оқу орны атау, презентация тақырыбы,  автордың Т.А., сыныбы,  презентацияда дыбыстық сүйемелдеуді, фотосуреттерді қолдануға болады; презентацияда бірыңғай стильді (түс, қаріп – өлшем, сызба, туралау) сақталуы көрсетілуі керек.

Презентацияны қорғау уақыты- 5-7 минуттан аспауы керек.

Бағалау өлшемдері:

- ақпараттың өзектілігі: (өзекті, өзекті емес, өзектілігі аз);

- ақпаратты жобалау мен ұсынудағы шығармашылық көзқарас;

- техникалық талаптарға сәйкестілігі;

- ақпараттың логикалық және дәйекті орналасуы;

- тақырыпты ашу (мазмұнның толықтығы);

- қатысушылардың өз пікірлерінің болуы;

- слайдтар санының талаптарға сәйкестігі;

- слайдтарда мәтіндік және графикалық ақпараттың мақсатқа сәйкестігі.

2.«Менің кәсібім - менің бизнесім»,  бизнес-жоспардың жобасын қорғау байқауы. Қатысу жасы: 14-17  (2 қатысушы, 1 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде)

Қорғауда қойылатын жалпы талаптар: слайд 8 беттен артық емес, файлдың өлшемі – 5 МБ, бизнес-жоспардың бастапқы бетінде облыс, оқу орнының аталуы, жобаның тақырыбы, өз аты-жөні, сыныбы, жетекшінің аты-жөні, тегі көрсетілуі керек. Презентация бір стильде жасалуы қажет (түсі, қаріп – көлемі, сызылуы, туралауы).

Бизнес жоспардың құрамы мен құрылымы: мақсаты, жобаның міндеттері, сипаттамасы, өзектілігі,  жоба стратегиясы (іске асырылу мерзімі), маркетинг,  өндіріс,  қаржылық жоспары, қауіп-қатерді бағалауы.

Бағалау өлшемдері:

- бизнес-идеяның толықтығы, ашылуы;

- жобаның елдің заманауи экономикалық дамуы үшін өзектілігі;

- ұсынылған ақпараттың құрылымдылығы мен дәйектілігі;

- жоспарды ойластыруы, тәуекелділікті ескеруі;

- безендіру сапасы мен көрнекілігі.

3. «Мамандық тұлғасы»  бейнесюжеттер байқауы - өз өлкесінің қандай да бір мамандық өкілі туралы бейнесюжет  (2 қатысушы: 1 – қазақ тілінде, 1 – орыс тілінде).

Бейнесюжетте келесі сұрақтарға жауаптар болуы керек:

 - сюжет кейіпкері мамандықты қалай таңдады, оның кәсіби жолы қандай?

- ол бұл мамандықты қалай жақсы көреді?

- мамандықтың қиындықтары неде?

- кейіпкер мамандықтың болашағын қалай бағалайды?

- бейнесюжеттің ақпараты бар титрлар қосылуы қажет.

- бейнесюжет авторының тегі, аты, әкесінің аты;

- бейнесюжет авторы оқитын білім беру ұйымының атауы;

- сюжет кейіпкерінің тегі, аты, әкесінің аты, кәсібі.

Бейнероликке қойылатын техникалық талаптар:

- роликтің ұзақтығы 3 минуттан аспайды;

- кадр тараптардың қатынасы: 16:9;

- стандартты ажыратымдылығы: HD, Full HD;

- форматы: МП4;

- сұхбат элементтері бар бейнеролик.

ҚР заңнамасын қандай да бір тәсілмен бұзатын экстремизмді, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті, ұлтшылдықты, алкогольді, темекі шегуді, есірткіні пайдалануды насихаттайтын роликтерге жол берілмейді. Ереже талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.

Бағалау өлшемдері:

- роликтің көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

- техникалық іске асыру: бейне түсіру сапасы;

- бейне ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау (3 минуттан аспайды).

- материалды берудің экспрессивтілігі (экспрессивті құралдар: графика, анимация, бейне және аудио эффектілер);

- білікті мамандармен бейне сұхбат форматын сақтау: видеода сұрақтарға жауап беретін кем дегенде бір ересек адам болу керек.

4.4. Көрсетілген номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстарды орындау әр команда үшін міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір катысушы бір жобаны ұсынады.

5. Форум қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Кәсіби әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Форумның бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды.Қазылар алқасының мүшелері бағалау парақтарын толтырады,байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.  Әділ қазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.

5.2. Әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға Форумға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

Анықтама телефоны: 8(7232) 75-26-91.

6. Форумның қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6.1. Аудандар мен қалалардың білім бөлімі айқындаған топ басшысы Форумды өткізу кезеңінде қатысушылардың қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауына, сондай-ақ Форумды өткізу орнына бару жолында, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне дербес жауапты болады.

6.2. Әрбір қатысушы Форум өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарының сақталуына жауапты болады.

7. Форумды қаржыландыру

7.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

7.2. Форумға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен төленеді.

 

1 Қосымша 

«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық  кезеңін республикалық форумына қатысуға өтінім

Номинация

Жұмыстың аталуы

Қатысушының

Т.А.

Туған жылы

Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Білім беру ұйымы, сыныбы

Жобажетекшісінің Т.А.Ә., электронды поштасы, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім бөлімінің басшысы                                                                               қолы, мөрі

 

 

2 Қосымша

Аудан/қала

Іс-шара атауы

Мектепшілік кезең

Аудандық/қалалық кезең

Барлық қамтылған оқушы

1

 

Мамандықтар әлемін ашамыз

 

 

 

Білім бөлімінің басшысы                                                                               қолы, мөрі