Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылғы 11 сәуірде «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын облыстық кезеңін өткізеді.
Форумға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жасы: 11-17 жас.
Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Форумға өтінімдерді texno_otdel@mail.ru электрондық мекенжайына 2023 жылдың 31 наурызға дейін жіберуді сұрайды.