Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 9 ақпанда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі (БЖК «Smart junior») базасында колледж студенттері арасында шахматтан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа 48 студентті қамтитын, 12 колледж командасы қатысты.
Негізгі мақсат - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау.
Жалпы есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
2 орын – Өскемен экономика-қаржы колледжі;
3 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі.
І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!



