+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің анонсы
10 Ақп, 14:02

2023 жылдың 13-17 ақпанында республика бойынша бір уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңі өткізіледі. Олимпиада Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында (Серікбаев көшесі, 19) кестеге сәйкес электронды форматта "EL UMITI цифрлық онлайн платформасы" ақпараттық жүйесінде прокторинг жүйесін қолданумен өткізіледі.

         Олимпиаданың өткізілу процесін онлайн режимде бақылау үшін Youtube каналда тікелей эфир жүргізіледі.

         Олимпиадаға жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық  бағыт пәндері бойынша аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары мен облыстың олимпиадалық резерв мүшелерінен ШҚО-ның 423 оқушысы қатысады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!