+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында өтетін шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің регламенті
09 Ақп, 15:53

І. Мақсаттары мен міндеттері

 

Турнирдің мақсаттары мен міндеттері;

- балалар мен жасөспірімдерді жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту;

- дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны орындау;

- салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мәдениетті дамыту, бос уақытты ұйымдастыру және жас ұрпақтың денсаулығын нығайту;

- Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккейді танымал ету;

- хоккейден спорттық мамандандырылған мектептерді толтыру үшін жас талантты хоккейшілерді анықтау;

- Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау;

- Турнирдің үздік ойыншыларын анықтау.

 

ІІ. Турнирді өткізуді басқару

 

Турнирді ұйымдастыру және тікелей өткізу туралы жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады. Жарысты тікелей өткізу ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

Білім бөлімдері, спорт бөлімдері мектепішілік және қалалық (аудандық) кезеңдерді бақылау мен өткізуді жүзеге асырады.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Шайбалы хоккей бойынша ШҚО ОРМБЖСМ» КММ хоккей модулін ұсынуды жүзеге асырады.

 

ІІІ. Турнирді өткізу мерзімі мен орны

 

Турнир 2023 жылға арналған республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары мен халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.

Турнир үш кезеңде өткізіледі:

I кезең: мектепішілік жарыстар (2023 жылғы 17 ақпанға дейін);

II кезең: қалалық және аудандық жарыстар (2023 жылғы 17 ақпанға дейін);

ІІI кезең: облыстық (Өскемен қ., 2023 жыл 27 ақпан-3 наурыз).

Турнирдің бірінші (іріктеу) және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімі аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен белгіленеді.

«Жұлдызша» турнирінің 1-кезеңі (мектепішілік) және 2-кезеңі (қалалық және аудандық) бойынша есептер ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына мына мекен-жай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, каб. 106, e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz.

 

IV. Турнирге қатысушылар

 

«Жұлдызша» балалар мен жасөспірімдер турниріне жалпы білім беретін мектептердің балалар командаларына қатысуға рұқсат етіледі.

Ойыншылардың жасы екі жас тобында анықталады:

1) 2009-2010 (2011) ж.т. (ұлдар);

2) 2012-2013 (2014) ж.т. (ұлдар).

Командаға І жас ерекшелік тобы бойынша 2011 жылы туған, ІІ жас ерекшелік тобы бойынша 2014 жылы туған хоккейшілер медициналық анықтама және нотариуспен куәландырылған екі ата-ананың жазбаша рұқсатымен ғана қатыса алады.

Команда құрамы: 20 адам, оның ішінде: 18 ойыншы, 1 жаттықтырушы,
1 ұйымның өкілі.

 

V. Турнирді өткізу шарттары

 

Турнир IIHF ережелеріне сәйкес жеребе тастау бойынша өткізіледі.

Матчтың ұзақтығы - 45 минут. 15 минуттық таза уақыттың үш кезеңі (кезеңдер арасындағы үзіліс 5 минут).

Турнирге қатысатын командалардың хоккей ойынының ережелеріне сәйкес жабдықтары болуы керек.

 

VI. Жеңімпаздарды анықтау

Жарыстардың кезеңдері бойынша қорытындыларды өткізу жүйесі:

<>----------командалар арасындағы матчтарда жинаған ұпай саны;

 

 

 

 

  • командалар арасындағы матчтарда соғылған және өткізіп алған шайбалардың айырмашылығы;

  •  

     

     

     

     

     

     

     

  • осы командалар арасындағы матчтарда тасталған шайбалардың саны;

  •  

     

     

     

     

     

     

     

  • барлық кездесулерде соғылған және өткізіп алған шайбалардың ең көп айырмашылығы;

  •  

     

     

     

     

     

     

     

  • барлық кездесулерде тасталған шайбалардың ең көп саны.

  •  

     

     

     

                 * жарыстың құрылымы мен мерзімі командалардың берген өтінімдеріне байланысты өзгеруі мүмкін

     

    VII. Өтінім құжаттары

     

    Командалардың финалдық жарыстарға қатысуы туралы алдын ала өтінімдер (қатысушылар саны) жарыс басталардан 10 күн бұрын ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК, Өскемен қ., Абай даңғылы, 21, 1-қабат,               sporturizm@shygysdaryn.kz.электрондық поштасына ұсынылады.

    Мектепішілік, аудандық/қалалық жарыстарға, сондай-ақ турнирдің финалдық кезеңіне өтінім құжаттарының тікелей Мандаттық комиссияның отырысына беріледі:

    - туу туралы куәліктің түпнұсқасы және оның көшірмесі;

    - медициналық мекеменің, осы жарысқа жіберген ұйымның куәландырған анықтамасы, жарыстың өтінімі (Қосымша 1);

    - команда өкілі ойыншыларға оқу орнынан мектеп директорының қолы қойылған фотосуреті бар анықтамаларды ұсынуы керек (мөр фотосуреттің бұрышында қойылуы керек) (Қосымша 2).

    Турнирге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының чемпионаттарына қатысатын шайбалы хоккейден олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектептерінде оқитын балалар жіберілмейді.

    Турнир регламенті бұзылған жағдайда – құжаттарды бұрмалау (қатысушының жасы, оқу орны) команда турнирден шығарылады.

    Анықтама телефондары: 8 (72332) 702674, 8(777)984-26-46.

     

    VIII. Турнирге қатысушыларды және командаға қызмет көрсетуді сақтандыру

     

    Турнирге қатысу үшін Мандаттық комиссияға әрбір жеке хоккей ойыншысы және команданың сақтандыру шарты (оқыс-оқиға жағдайы, өмір және денсаулық) болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Тізімді сақтандыру компаниясы куәландыру тиіс. Сақтандыру шарты қатысушылардың жарысқа жіберуші ұйымдар есебінен жүргізіледі.

    Командалардың турнирдің финалдық жарыстарын өткізу орнына келуі жергілікті полиция қызметінің сүйемелдеуімен жүзеге асырылуы тиіс.

     

    IX. Марапаттау

     

    Ақтық кезеңде І, ІІ және ІІІ орындарды иеленетін командалар естелік кубогімен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

    Амплуа бойынша үздік ойыншылар («қақпашы», «шабуылшы», «қорғаушы», «ең үздік ойыншы») арнайы жүлделермен марапатталады.

     

    X. Қаржылық шығындар

     

    Іс-шараны қаржыландыруды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырады.

    Номинациялар бойынша арнайы естелік сыйлықтарды сатып алу шығындарын ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы» РҚБ ШҚО филиалы өтейді.

    Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік, жарыс кезінде тұру және тамақтану) іссапарға жіберуші ұйымдар көтереді.

    Қосымша №1

    2022 – 2023 оқу жылындағы

    Шығыс Қазақстан облысы, қалалар мен аудандардың балалар-жасөспірімдер

    командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турниріне қатысуға

    Өтінім

    _______________________________________ (қалалық/аудандық)

     

    Жас ерекшелігі: _______________________ (көрсету)

     

    п/п

    Спортшының ТАӘ

    Туылған жылы

    Сыныбы

    Бапкердің ТАӘ

    Оқуорнының мекенжайы

    Әлеуметтік жағдайы (Аз қамтылған / көпбалалы, жетім-балалар ж/е т.б.)

     

    Дәрігеррұқсаты (қолы, мөрі)

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     М.О.                                                                                             

     

    Спортшыларжіберілді____________________ 

     

    Дәрігер_______________________(қолы) 

     

    Білімбөлімінің, спорт бөлімінің басшысы_________________________(қолы)                            «____»________________2023 ж.

    Қосымша №2

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2022-2023 оқу жылындағы Шығыс Қазақстан облысы, қалалар мен аудандардың балалар-жасөспірімдер

    командалары арасындағы шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінеқатысушының

    ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ

     

     

    мектептің М.О.

    (мектеп мөрі суреттің бұрышына қойылады)

     

    Т.А.Ә. _________________________________________________________

    Туылған жылы_________________________________________________

    Спорттық дәрежесі______________________________________________

    Оқу орны______________________________________________________

    Мектеп директоры______________________________________________

                                                                                               (Т.А.Ә., қолы)