Білім сапасын арттыру және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2012 жылы 3-15 желтоқсан аралығында «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлаймыз.
Курстың тақырыбын, мазмұнын құрастырушы автор – п.ғ.д., профессор Н.А. Завалко. Лекциялар мен практикалық тапсырмалар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Семинарға тілек білдірген барлық білім қызметкерлері қатыса алады. Қатысу ерікті түрде, ақылы.Оқу құны – 3000 (үш мың) теңге.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бастығының қолы қойылған сертификаттар беріледі.
Семинарға қатысу үшін а. ж. 27 қарашасына дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына өтінімді, сондай-ақ, ақыны төлеген түбіртектің көшірмесін жіберу қажет.
Өтінім формасы:
|
Білім қызметкерінің аты-жөні (толығымен) |
Аудан/ қала |
Жұмыс орны, қызметі |
Жұмыс өтілі, санаты |
Электронды мекен-жайы |
Байланыс телефондары (үй, жұмыс не ұялы тел) |
|
|
|
|
|
|
|
E-mail: vk_daryn@mail.ru, факс:8/7232/552112.
Деньги необходимо перечислять на счет:
КГКП ВК РНПЦ "Дарын"
РНН 181600062103
Р\счет KZ 92826F0KZTD2000869
БИК ALMNKZKA
АО АТФ Банк г. Усть-Каменогорск
БИН 990840001922
КБЕ 16