+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Үстел теннисінен колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
07 Ақп, 17:42

2023 жылғы 6-7 ақпан аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында үстел теннисінен колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.

Негізгі мақсат - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау.

Жарысқа 15 колледж командасы (47 студент) қатысты.

Ойын Федерация бекіткен үстел теннисі ережесіне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

1 орын – Риддер колледжі;

2 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;

3 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі. 

 

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!