1. Жалпы Ереже
1..Осы Ереже оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2..Олимпиаданы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) ұйымдастырады.
3..Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын анықтап, дамытуға қажетті жағдайлар жасау, олардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, Республикалық және халықаралық олимпиадаларға оқушыларды қатыстыруға іріктеп, дайындау.
2. Олимпиаданың жұмысшы органдары
1. Олимпиадаға дайындық жүргізіп, өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру, жүзеге асыру үшін білім басқармасы бұйрығының негізінде облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті:
- барлық кезеңде Олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- Олимпиадаға тікелей басшылық жасайды;
-.барлық пән бойынша қазылар алқасы мүшелерінің құрамы мен санын; қоғамдық бақылау және үйлестіру кеңесінің құрамын белгілейді;
- Олимпиаданың нәтижесін талдап, қорытындылайды;
-.ІІІ кезең қорытындысы бойынша есепті және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға облыс оқушыларын қатыстыруға өтінім береді;
- Олимпиада материалдарын жариялайды.
2. Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына ЖОО, ДББҰ Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары кіреді.
3. Олимпиаданың қазылар алқасы:
-..олимпиада тапсырмаларын тексереді, теориялық және практикалық айналымдардың объективтілігі мен тексерілу сапасына жауап береді;
-.оқушылардың жұмыстарындағы даулы жағдайларды талдайды, қажет болған жағдайда тиісті түзерулер енгізеді;
-.жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындар беру үшін ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар береді;
-.Олимпиада қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетіне есеп береді.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
1. Олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында әр жалпы білім беретін пән бойынша тиісті білім басқармасы органдарымен оқу жылы көлемінде төрт кезеңде өткізіледі:
1) бірінші (мектепішілік) кезең аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің дайындаған тапсырмалары бойынша 2022 жылдың қараша айының аяғына дейін білім мекемелері өткізеді;
2) екінші (аудандық/қалалық) кезең ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дайындаған тапсырмалар бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімдерімен 2023 жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпаны аралығында өткізіледі;
3) үшінші кезең – облыстық, ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дайындаған тапсырмалар бойынша 2023 жылдың 13-14 ақпаны аралығында жаратылыстану-математика бағыт пәндері, 16-17 ақпаны аралығында әлеуметтік-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша өткізіледі;
4) төртінші кезең – республикалық, 2023 жылдың сәуір айында өткізіледі.
Олимпиаданың II, III и IV кезеңдерінің өту мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша белгіленеді.
2..Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық-гуманитарлык бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті»,«Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Неміс тілі») пәндері бойынша өткізіледі.
3..Олимпиаданың ІІІ кезеңіне қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер облыстық ұйымдастыру комитетіне (қағаз және электронды нұсқада) олимпиаданың ІІ кезеңінің өтуі туралы есеп пен өтінімді тапсырады.
4..Олимпиададан кейін қатысушылардың қалауы бойынша апелляция жүргізіледі. Апелляция мақсаты-жұмыстарды бағалауда қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу.
5. Апелляцияда қаралатын тапсырмаларды бағалаған қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері тікелей Олимпиадаға қатысушымен өткізеді.
6. Апелляция олимпиада турлары аяқталған соң 24 сағат ішінде жүргізіледі.
7. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық шынайылығын бақылау үшін тәуелсіз бақылаушылар ретінде «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, «AMANAT» партиясы филиалының өкілдері, ата-аналар қауымдастығы және т.б. шақырылады.
4. Олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу тәртібі
1. Олимпиаданың ІІІ кезеңі санитарлық-эпидемиологиялдық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, Өскемен қаласында өткізіледі.
2. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әрбір минут сайын фотофиксация скриндеу жүйесі арқылы электрондық форматта өткізілетін болады. Олимпиада «1 компьютер- 1 оқушы - 1 камера» қағидасына сүйене отырып өтеді.
3. Қатысушыларға жауап парақтары, тапсырмаларды алу үшін жеке логин, пароль беріледі.
4. Олимпиаданың өткізілу процесін онлайн режимде бақылау үшін Youtube каналда тікелей эфир жүргізіледі.
5. Қатысушылардың аты-жөндері көрсетілмеген жұмыстары сканерленіп, тур аяқталған соң «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сайтында жарияланады.
6. Пәндер бойынша хаттамалар «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сайтында жарияланады.
7. Қазылар алқасымен жұмыстарды тексеру кезінде қатысушылардың шимай дәптері қаралмайды.
5. Олимпиаданың қатысушылары
1..Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары қатысады. Үшінші кезеңге қатысушылардың құрамы әрбір пән, сынып бойынша ең жоғары ұпай жинаған екінші кезеңнің 1 жеңімпазынан, сондай-ақ облыстың олимпиадалық резерв мүшелерінен құрылады. Олимпиадаға жоғарғы сынып бағдарламасынан жеткілікті деңгейде білімі болған жағдайда 8-сынып оқушылары қатысуға болады.
2. Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi «Қазақ тiлi» пәнi бойынша ұлты қазақ емес оқушылар қатыса алады.
3..Облыстық олимпиадаға аудандардан (қалалардан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден оқушылар командасы қатысады.
4..Аудан, қала оқушыларының командасына жетекші ретінде тәжірибелі мектеп педагогтары, білім беру бөлімдерінің мамандары тағайындалады. Команда жетекшісіне Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетін орынға дейін және қайтар жолдағы, тұратын орындарда, Олимпиада барысындағы қауіпсіздігі мен денсаулығына толық жауапкершілік жүктеледі.
5..Егер келесі фактілер орын алғаны белгілі болса, оқушының нәтижелері акт жасау арқылы жойылады:
- Олимпиада кезінде қатысушы қосымша техникалық құрылғыларды қолданса;
- оқушы Олимпиада емтихандарын жазатын техникалық құрылғыда қосалқы қосымшалар және/немесе терезелер ашса;
- Олимпиада кезінде оқушы қатысушылармен сөйлессе.
6. Олимпиаданы қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
1.Олимпиада қорытындысы әр пән, сынып бойынша жеке есепте шығарылады. Жүлдегерлер екі турда жинаған ұпайының қосындысы бойынша анықталады. Олимпиада қорытындысы бойынша әр команданың рейтингі анықталады.
2. Олимпиададағы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны әр пән және сынып бойынша қатысушылардың жалпы 45 пайызын құрайды.
3. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. I, II және III дәрежелі дипломдардың саны мынадай пропорция негізінде айқындалады: жеңімпаздар мен жүлдегерлер санының 50 пайызы III дәрежелі дипломдармен, 30 пайызы II дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздар - 20 пайызы I дәрежелі дипломдармен марапатталады.
4. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
5. Рейтингке сәйкес (осы Ереженің 6,1 т.) командаларға «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында жалпы командалық жүлделі орындар беріледі.
6. Егер бірнеше қатысушы төменгі деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімі бойынша көбейеді.
7. Қаржыландыру
1..Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
2..Олимпиада қатысушыларының жол шығыны, жетекшілердің іссапар шығыны жіберуші тарап есебінен төленеді.