1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Көрме-байқау) оның мақсатын, ұйымдастыру форматын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
1.2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») болып табылады.
1.3. Көрме-байқаудың мақсаты:білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
2. Көрме-байқаудың ұйымдастыру комитеті
2.1. Көрме-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Көрме-байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Көрме-байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Көрме-байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;
- нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.
2.3. Көрме-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Көрме-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
3.1. Көрме-байқау 2023 жылдың 30 наурызда өткізіледі.
3.2. Байқауға қатысу үшін қатысушылардың жұмыстарын 2023 жылдың 17 наурызына дейін Өскемен қаласы, Абай данғылы, 21, 1 қабат, 101 кабинет мекенжайы бойынша курьер арқылы жеткізу қажет.
3.3. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған көрме-байқауға қатысу үшін электрондық өтінемдерді (1-қосымша) 2023 жылдың 17 наурызына дейін rhet-2018@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.
3.4. Өтінімге қоса беріледі:
номинация атауы, жұмыстың атауы, орындаушының Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, білім беру ұйымы, жетекшінің аты-жөні, мекенжайы, ұялы телефоны.
3.6. Көрме-байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Көрме-байқаудың ұйымдастырушылары көрме-байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.
3.7. Көрме-байқаудың қорытындысы 2023 жылдың 7 сәуірінде https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында жарияланады.
4. Көрме-байқауға қатысушылар
4.1.Облыстық Көрме-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.
4.2. Бір бала бір номинацияға қатысады.
5. Көрме-байқауды өткізу тәртібі және шарты
5.1. Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы фотосуреттері қабылданады:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг,папье-маше;
7) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ланшафт және т.б.
Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.
5.2. Бағалау өлшемдері:
- жұмыстың Көрме-байқау номинациясына сәйкестігі;
- ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдану;
- жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі;
- түпнұсқалығы;
- бұйымның стильдік, көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы;
- фотоның сапасы және анықтығы.
5.3. Жұмыстардың ілеспе заттаңбасы (этикеткасы) болуы тиіс: жұмыстың аталуы, автордың тегі, аты, жасы, орындау техникасы, білім беру ұйымының аталуы.
6. Көрме-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау
6.2. Жеңімпаздар Гран-при, I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға электронды форматтағы сертификаттар беріледі, Көрме-байқау жеңімпаздары баспа форматында дипломдармен марапатталады.
Сертификаттардың электронды нұсқалары автоматты түрде жүктеп алу мүмкіндігімен shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
Жеңімпаздар дипломдарды Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша ала алады.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92.