Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 30 наурызында «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауын өткізеді (бұдан әрі – Көрме-байқау).
Көрме-байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Қатысушылардың жұмыстарын 2023 жылдың 17 наурызына дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, 1 қабат, 101 кабинетке жеткізу қажет.
Көрме-байқауға өтінімдерді қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2023 жылдың 17 наурызына дейін жіберуді сұраймыз.