+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бүгін Diqital Almaty 2023 халықаралық форумы бастау алды
02 Ақп, 12:26

Бүгін Diqital Almaty 2023 халықаралық форумы бастау алды. Аталған форумға Шығыс Қазақстан облысының атынан «Робот-дезинфектор» жобасымен Риддер қаласы №1 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Иван Гребенщиков қатысып жатыр. 

Ол Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауының жеңімпазы, сонымен қатар Дүниежүзілік «WISPO – 2022» инновациялық ғылыми жобалар Олимпиадасының алтын медаль иегері.

 

Халықаралық форумда бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар, IT-қауымдастықтардың және мемлекеттік органдардың қызметкерлері бас қосуда. 

Иванның ұсынған жобасы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен халықаралық VEX  жарыстарын ұйымдастырушы Томас Лумның бірден назарын аудартты.