Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту − Қазақстандамуының басты векторы»атты Жолдауы мен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы күзгі демалыс уақытында жоғары сынып оқушыларына арналған бейіндік ауысым өткізілді.
2012 жылдың 4-10 қарашасында Семей қаласында «Зияткер» бейіндік мектебінде биология ғылымы бойынша қызығушылықтары бар оқушыларының басын қосты.
Аталған ғылым саласы бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ, Астана, Алматы, Тараз, Қостанай Семей және Өскемен қалаларынан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 9-10 сыныптардан 35 оқушы жиналды.
«Зияткер» бейіндік ауысымының ашылу салтанаты Семей педагогикалық институтында ұйымдастырылды. Жиында бейіндік мектепке қатысушыларды СМПИ ректоры М.А. Бектемесов, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы директорының орынбасары Ж.А. Оразғалиева, сонымен қатар, ЖОО ғалымдары мен оқытушылары қарсы алып, құттықтау сөз сөйледі.
Бейіндік ауысым қатысушылары үшін б.ғ.д., профессор М.С. Панин «Биология ғылымының рөлі туралы» атты кіріспе дәрісін оқыды. Ғалым өз дәрісінде биология ғылымына қатысты өзекті мәселелер мен ғалымдардың жаңа биотехнолгиялық әзірлемелері туралы баяндады.
Институттың үздік оқытушылары, биология ғылымының докторлар, кандидаттары дәріс, кеңес беру түріндегі сабақтар, тәжірбиелік және зертханалық сабақтар, тренингтер өткізді. Қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, түрлі деңгейлердегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау бойынша ғылыми кеңестер алды.
Бейіндік мектепке қатысушылар үшін кең көлемдегі мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Оның аясында қатысушылар Семей қаласының көрікті жерлерімен танысып, Биологиялық орталыққа, Абай Құнанбайұлының, Невзоровтардың мұражайына барды, ядролық сынақтың құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Сабақтан бос уақыттарда балалар спорттық шараларға, КТК-ның тақырыптық кештеріне қатысты. Бейіндік аусымның қатысушыларды психологиялық жетелеу мақсатында психологиялық тренингтер өткізілді.
Бейіндік мектепке қатысушылардың ортақ жиналысында журнаистердің, фото және бейне операторлардың рөлін орындайтын көшбасшылар анықталды. Әрбір бейіндік мектеп қатысушысы өз пікірімен, алған әсерлерімен бөлісіп, биология пәні бойынша бейіндік мектепті ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді.
«Зияткер» бейіндік мектебінің соңғы күнінде СМПИ оқытушылары биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға аса маңызды оқиға ретінде көңіл бөлді. Ол екі блоктан тұрды: біріншісі – теориялық кезең, екіншісі– тәжірибелік тапсырмаларды орындау. Ең жоғары нәтижеге төмендегі қатысушылар қол жеткізді:
1 орын – Сериков Алмас, ҚТЛ, Алматы қаласы;
2 орын – Завалишина Анна, ҚТЛ, Павлодар қаласы;
3 орын – Ибадулла Нұрбол, ҚТЛ, Маңғыстау облысы.
Биологиядан пәндік олимпиадада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін СМПИ ректорының мақтау қағаздарымен келесі оқушылар марапатталды:
1. Болатов Айдос - Ы. Алтынсарин атындағы ДБ арналған мектеп, Павлодар қаласы.
2. Зюбенко Мария - М. Горький атындағы гимназия, Қостанай облысы;
3. Чаусова Елизавета - Затобол мектеп-гимназиясы, Қостанайская облысы.
Қорытынды тестілеудің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі бейіндік мектептің жабылу салтанаты кезінде өткізілді. «Зияткер» бейіндік мектебінің әрбір қатысушысына сертификат берілді. Шараларға белсенді қатысқаны үшін және қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар берілді.