+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізу ережесі
01 Ақп, 17:04
  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңінің (бұдан әрі – Фестиваль) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.

1.2. Фестивальдің ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Фестивальдің мақсаты:

- үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру;

1.4. Фестивальдің міндеттері:

- балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

 - өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;

 - өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;

- балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал ету;

2. Фестивальдің ұйымдастыру комитеті

2.1. Фестивальді ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Фестивальдің жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Фестивальгеқатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

- Фестивальдің қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 - Фестивальдің жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы Фестивальдің жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Фестиваль өткізу мерзімі мен тәртібі

3.1. Фестивальдің облыстық кезеңі қашықтықтан 2023 жылғы 28 ақпанда өткізіледі.

3.2. Фестивальге қатысу үшін http://www.youtube.com каналына МР-4  форматты бейнематериалдарды орналастыру және  сілтеме арқылы сұраныс тапсырыру қажет (бейне сапалы, тоқтаусыз бір роликпен жазылуы керек. Әр түрлі үзінділерден «кесінділерге» жол берілмейді).

3.3. Фестивальге бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды.

3.4. Өтінімдер мен байқау жұмыстары (1-қосымша) қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған 2023 жылдың 20 ақпанына дейін rhet-2018@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.

3.5. Өтінімге қоса тіркеледі:

- қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж,  туған жылы, толық жылы, сыныбы, білім беру ұйымы (толық атауы), жоба жетекшісінің Т.А.Ж., жетекшесінің телефон нөмері, жұмысының атауы);

- www.youtube.com каналында MP-4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелер.

3.6. Фестивальдің қорытындысы 2023 жылдың 5 мамырында https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында орналастырылады.

4. Фестивальге қатысушылар

4.1. Облыстық Фестивальге жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 14-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық турдың жеңімпаздары қатыса алады.

5Фестивальді өткізу тәртібі және шарты

5.1. Фестивальге кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер кейіннен өңдеумен (бейнені құрастыру) қабылданады.

5.2. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) ҮЗДІК ФИЛЬМ – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;

2) ОЙЫНДЫ КИНО операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан  шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик;

4) ӨТКІР ӘЛЕУМЕТТІК ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БЕЙНЕӨНІМ – қалың көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама;

5) МУЗЫКАЛЫҚ КЛИП компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеосы;

6) ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ СЮЖЕТ елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқаша ақпараты қамтитын кинохрониканың бір түрі;

7) КИНОЖУРНАЛ – қазіргі өмірді бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністер бар қысқа  метражды фильм;

8) ҒЫЛЫМИ КИНО – ғылыми – зерттеу, ғылыми-көпшілік, оку киносы.

5.3. Жазбалар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;

- тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;

- өзектілігі, эмоционалдық әсері;

- режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);

- музыкалық сүйемелдеу;

- сценарийлік жұмыс.

5.4. Жазбалардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;

- өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- мейірімділік және қайырымдылық таныту;

- ұрпақтар диалогы;

- қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;

- отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;

- әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.

5.5. Конкурстық жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар.

Видеосының форматы: mp4 (16.9 көлденең түсірелген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер мен титрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.

Фестивальға ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.

Фильм бөтен авторлық құқықты бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлтаралық, діни ымырасыздық элементтері, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін зорлық-зомбылыққа және бұзуға шақырулар болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

5.6. Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.

6. Фестивальді қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Фестивальдың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға электронды форматтағы сертификаттар беріледі, Көрме-байқау жеңімпаздары баспа форматында дипломдармен марапатталады.

Сертификаттардың электронды нұсқалары автоматты түрде жүктеп алу мүмкіндігімен shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

Жеңімпаздарға дипломдарды Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша алу қажет. 

Анықтама телефондары: 8 (72732) 75-26-91, 8 708 177 42 92.

8. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

8.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жүзеге асырады.